Об установлении на 2015 год дополнительного перечня лиц, относящихся к целевым группам населения по городу Актау
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении на 2015 год дополнительного перечня лиц, относящихся к целевым группам населения по городу Актау
- Атауы (қаз.)
- 2015 жылға Ақтау қаласы бойынша халықтың нысаналы топтарына жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 78
- Қабылданған күні
- 30.01.2015
- Көрсетілген редакция
- 30.01.2015 87014_73877.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.01.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15MA002619
- ЭКБ идентификаторы
- 87014
- Редакция идентификаторы
- 87014_73877
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 16:49
0 2015 жылға Ақтау қаласы бойынша
халықтың нысаналы топтарына
жататын адамдардың қосымша
тізбесін белгілеу туралы
«Халықты жұмыспен қамту туралы» және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңдарына сәйкес, қала әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. 2015 жылға Ақтау қаласы бойынша халықтың нысаналы топтарына жататын адамдардың қосымша тізбесі белгіленсін:
1) 21 жастан 29 жасқа дейінгі жастар;
2) 50 жастан асқан әйелдер;
3) 55 жастан асқан ерлер;
4) он екі және одан да көп айдан астам жұмысы болмаған адамдар.
2. «Ақтауқалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Г.Н. Хайрлиева) осы қаулының Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін, оның «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде орналастырылуын және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Р.Т. Елтизаровқа жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»:
«Ақтау қалалық жұмыспен
қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Г.Н. Хайрлиева
30 қаңтар 2015 жыл