О некоторых вопросах проведения единых государственных закупок в 2015 году
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О некоторых вопросах проведения единых государственных закупок в 2015 году
- Атауы (қаз.)
- 2015 жылы өткізілетін бірыңғай мемлекеттік сатып алулардың кейбір мәселелері туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 38
- Қабылданған күні
- 16.02.2015
- Көрсетілген редакция
- 16.02.2015 87108_9547.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.02.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15L0004888
- ЭКБ идентификаторы
- 87108
- Редакция идентификаторы
- 87108_9547
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 16:39
0 2015 жылы өткізілетін бірыңғай мемлекеттік сатып алулардың кейбір мәселелері туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 5-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қызылорда облысының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Облыстық, аудандық және Қызылорда қаласының бюджеттік бағдарламалар әкімшілері үшін мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы болып «Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесі айқындалсын.
2 2. Қосымшаға сәйкес мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы орындайтын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер айқындалсын.
3 3. «Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы заңнамада белгіленген тәртіппен осы шешімнен туындайтын шараларды қабылдасын.
4 4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Н.Н. Годуноваға жүктелсін.
5 5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
6 Қызылорда облысы әкімінің
2015 жылғы «16» ақпандағы №38
шешіміне қосымша
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы орындайтын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер
№ р/р
Атауы
1.
Тауарлар:
1 1)
серверлерді сатып алу (оларды сатып алуға бөлінген қаржы тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген жиырма мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспаған жағдайда)
2.
Жұмыстар:
1 1)
денсаулық сақтау нысандарының жаңа құрылысы
3.
Көрсетілетін қызметтер:
1 1)
мүгедектердің санаторлық-курорттық емделуі
Ескертпе:
Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысымен орындалатын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізу: