О некоторых вопросах проведения единых государственных закупок в 2015 году
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О некоторых вопросах проведения единых государственных закупок в 2015 году
- Атауы (қаз.)
- 2015 жылы өткізілетін бірыңғай мемлекеттік сатып алулардың кейбір мәселелері туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 38
- Қабылданған күні
- 16.02.2015
- Көрсетілген редакция
- 16.02.2015 87108_9547.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.02.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15L0004888
- ЭКБ идентификаторы
- 87108
- Редакция идентификаторы
- 87108_9547
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 16:39
0 2015 жылы өткізілетін бірыңғай мемлекеттік сатып алулардың кейбір мәселелері туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 5-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қызылорда облысының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Облыстық, аудандық және Қызылорда қаласының бюджеттік бағдарламалар әкімшілері үшін мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы болып «Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесі айқындалсын.
2. Қосымшаға сәйкес мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы орындайтын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер айқындалсын.
3. «Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы заңнамада белгіленген тәртіппен осы шешімнен туындайтын шараларды қабылдасын.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Н.Н. Годуноваға жүктелсін.
5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
6 Қызылорда облысы әкімінің
2015 жылғы «16» ақпандағы №38
шешіміне қосымша
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы орындайтын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер
№ р/р
Атауы
1.
Тауарлар:
1)
серверлерді сатып алу (оларды сатып алуға бөлінген қаржы тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген жиырма мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспаған жағдайда)
2.
Жұмыстар:
1)
денсаулық сақтау нысандарының жаңа құрылысы
3.
Көрсетілетін қызметтер:
1)
мүгедектердің санаторлық-курорттық емделуі
Ескертпе:
Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысымен орындалатын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізу: