О субсидировании стоимости услуг по подачи воды для орошения сельскохозяйственным товаропроизводителям в 2015 году
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О субсидировании стоимости услуг по подачи воды для орошения сельскохозяйственным товаропроизводителям в 2015 году
- Атауы (қаз.)
- 2015 жылға ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге суландыруға су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 36
- Қабылданған күні
- 30.01.2015
- Көрсетілген редакция
- 30.01.2015 87150_3907.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.01.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15L0004891
- ЭКБ идентификаторы
- 87150
- Редакция идентификаторы
- 87150_3907
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 16:49
0 2015 жылға ауыл шаруашылығы
тауарын өндірушілерге суармалы
суды беру жөніндегі қызметтердің
құнын субсидиялау туралы
«Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 4 сәуірдегі № 237 қаулысына сәйкес Қызылорда облысының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес 2015 жылға аудандар және Қызылорда қаласы бойынша ауыл шаруашылығы дақылдарын суармалы суды беру жөнінде алынған қызметтер үшін су пайдаланушылардың шығындарын ішінара өтеуге (көрсетілген қызметтердің құнын арзандатуға) арналған субсидия көлемі айқындалсын.
2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары С.С. Қожаниязовқа жүктелсін.
3 3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 Қызылорда облысы әкімінің
2015 жылғы «30» қаңтардағы №36 шешіміне
қосымша
2015 жылға аудандар және Қызылорда қаласы бойынша ауыл шаруашылығы дақылдарын суармалы суды беру жөнінде алынған қызметтер үшін су пайдаланушылардың шығындарын ішінара өтеуге (көрсетілген қызметтердің құнын арзандатуға) арналған субсидия көлемі
Аудандар (қала)
Барлық егіс көлемі, гектар
Барлық субсидия көлемі, мың теңге
Жаңақорған
29070
58250,0
Шиелі
24095
52050,0
Сырдария
29792
81380,0
Жалағаш
30000
80580,0
Қармақшы
19632
56310,0
Қазалы
17600
40930,0
Арал
749
1104,0
Қызылорда қаласы
7055
15800,0
Барлығы
157993
386404,0