Құжат мәтініне өту

Об установлении дополнительного перечня лиц, относящихся к целевым группам населения в 2015 году

Қаулы · № 158-202 · қабылданған 09.02.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 25.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2015-ekb-87229/on/2026-08-25/
Басып шығарылды 2026-08-25 · adilet.kz
Об установлении дополнительного перечня лиц, относящихся к целевым группам населения в 2015 году Күшін жойған Қаулы ·№ 158-202 ·09.02.2015
28.12.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
25.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.12.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении дополнительного перечня лиц, относящихся к целевым группам населения в 2015 году

Күшін жойған Қаулы ·№ 158-202 · 25.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении дополнительного перечня лиц, относящихся к целевым группам населения в 2015 году
Атауы (қаз.)
2015 жылғы халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізімін белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
158-202
Қабылданған күні
09.02.2015
Көрсетілген редакция
28.12.2015 87229_57953.kaz
Соңғы өзгеріс
28.12.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15ABW00883
ЭКБ идентификаторы
87229
Редакция идентификаторы
87229_57953
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 16:44

0 2015 жылғы халықтың нысаналы

топтарына жататын тұлғалардың
қосымша тізімін белгілеу туралы
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5, 7-баптарына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Халықтың нысаналы топтарына мынадай санаттар қосымша белгіленсін:

1 1) елу жасқа толған тұлғалар;

2 2) жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;

3 3) жұмыс берушінің бастамасы бойынша жалақысы сақталмайтын мәжбүрлі демалыстағы тұлғалар;

4 4) мүгедек баланы тәрбиелеп отырған ата-аналар (бала асырап алушылар, қорғаншылар, қамқоршылар);

5 5) техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарының түлектері;

6 6) ұзақ уақыт (бір жылдан аса) жұмыс істемейтін тұлғалар.

7 7) есірткі тәуелдігінен емделу және оңалту курсынан өткен адамдар.

2

2. «Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, кейіннен ресми және мерзiмдi баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын интернет-ресурста және Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында жариялануын жүргізсін.

3

3. «Халықтың нысаналы топтарын және 2014 жылы оларды жұмыспен қамту мен әлеуметтiк қорғалуына көмек көрсету жөнiндегi шараларды белгiлеу туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 23 қаңтардағы № 158-85 (Астана қаласының Әділет департаментінде 2014 жылғы 7 ақпанда № 800 болып тіркелген, 2014 жылғы 15 ақпандағы № 18 (3076) «Астана ақшамы» газетінде, 2014 жылғы 15 ақпандағы № 18 (3094) «Вечерняя Астана» газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.Ә. Аманшаевқа жүктелсін.

5 5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Қолданыстағы