Кіру
Құжат мәтініне өту

Об установлении дополнительного перечня лиц, относящихся к целевым группам населения в 2015 году

Қаулы · № 158-202 · қабылданған 09.02.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 17.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2015-ekb-87229/on/2026-09-17/
Басып шығарылды 2026-09-17 · adilet.kz
Об установлении дополнительного перечня лиц, относящихся к целевым группам населения в 2015 году Күшін жойған Қаулы ·№ 158-202 ·09.02.2015
28.12.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
17.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.12.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении дополнительного перечня лиц, относящихся к целевым группам населения в 2015 году

Күшін жойған Қаулы ·№ 158-202 · 17.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении дополнительного перечня лиц, относящихся к целевым группам населения в 2015 году
Атауы (қаз.)
2015 жылғы халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізімін белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
158-202
Қабылданған күні
09.02.2015
Көрсетілген редакция
28.12.2015 87229_57953.kaz
Соңғы өзгеріс
28.12.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15ABW00883
ЭКБ идентификаторы
87229
Редакция идентификаторы
87229_57953
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 16:44

0 2015 жылғы халықтың нысаналы

топтарына жататын тұлғалардың
қосымша тізімін белгілеу туралы
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5, 7-баптарына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Халықтың нысаналы топтарына мынадай санаттар қосымша белгіленсін:

1) елу жасқа толған тұлғалар;

2) жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;

3) жұмыс берушінің бастамасы бойынша жалақысы сақталмайтын мәжбүрлі демалыстағы тұлғалар;

4) мүгедек баланы тәрбиелеп отырған ата-аналар (бала асырап алушылар, қорғаншылар, қамқоршылар);

5) техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарының түлектері;

6) ұзақ уақыт (бір жылдан аса) жұмыс істемейтін тұлғалар.

7) есірткі тәуелдігінен емделу және оңалту курсынан өткен адамдар.

2. «Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, кейіннен ресми және мерзiмдi баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын интернет-ресурста және Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында жариялануын жүргізсін.

3. «Халықтың нысаналы топтарын және 2014 жылы оларды жұмыспен қамту мен әлеуметтiк қорғалуына көмек көрсету жөнiндегi шараларды белгiлеу туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 23 қаңтардағы № 158-85 (Астана қаласының Әділет департаментінде 2014 жылғы 7 ақпанда № 800 болып тіркелген, 2014 жылғы 15 ақпандағы № 18 (3076) «Астана ақшамы» газетінде, 2014 жылғы 15 ақпандағы № 18 (3094) «Вечерняя Астана» газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.Ә. Аманшаевқа жүктелсін.

5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Қолданыстағы