Об установлении дополнительного перечня лиц, относящихся к целевым группам на 2015 год по Теректинскому району
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении дополнительного перечня лиц, относящихся к целевым группам на 2015 год по Теректинскому району
- Атауы (қаз.)
- Теректі ауданы бойынша 2015 жылға нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 81
- Қабылданған күні
- 26.02.2015
- Көрсетілген редакция
- 09.02.2016 87252_101366.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 09.02.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15ZL003834
- ЭКБ идентификаторы
- 87252
- Редакция идентификаторы
- 87252_101366
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 16:25
0 Теректі ауданы бойынша 2015 жылға
нысаналы топтарға жататын адамдардың
қосымша тізбесін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңдарын басшылыққа ала отырып, еңбек рыногындағы жағдай мен бюджет қаражатына қарай, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Теректі ауданы бойынша 2015 жылға нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі белгіленсін:
1 1) алты айдан жоғары уәкілетті органда тіркелген жұмыссыздар;
2 2) елу жастан асқан жұмыссыз азаматтар;
3 3) ұзақ уақыт жұмыс істемеген адамдар (бір жыл және одан да көп);
4 4) отбасында бір де бір жұмыс істеуші жоқ тұлғалар;
5 5) уақытша және маусымдық жұмыстарға қатысқан тұлғалар;
6 6) бұрын жұмыс жасамаған тұлғалар (бірінші рет жұмыс іздеушілер).
2 2. «Теректі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3
3. Теректі ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 22 сәуіріндегі № 137 «Теректі ауданы бойынша 2014 жылға нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3512 тіркелген, 2014 жылғы 16 мамырында «Теректі жаңалығы–Теректинская новь» газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.