Об установлении дополнительного перечня лиц, относящихся к целевым группам на 2015 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении дополнительного перечня лиц, относящихся к целевым группам на 2015 год
- Атауы (қаз.)
- 2015 жылға нысаналы топтарға жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 50
- Қабылданған күні
- 26.01.2015
- Көрсетілген редакция
- 26.01.2015 87277_4251.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.01.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15BN004653
- ЭКБ идентификаторы
- 87277
- Редакция идентификаторы
- 87277_4251
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 16:55
0 2015 жылға нысаналы
топтарға жататын
тұлғалардың қосымша
тізбесін белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5 бабының 2 тармағына, 7 бабына сәйкес, Зеренді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Нысаналы топтарға жататын тұлғалардың қосымша тізбесі белгіленсін:
жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімі бар түлектер;
оларға байланысты емес себептер бойынша ұзақ уақыт бойы жұмыс істемейтін тұлғалар (он екі айдан артық);
уақытша және маусымдық жұмыстардың аяқталуына байланысты еңбек шартының мерзімі аяқталған тұлғалар.