Об установлении дополнительного перечня лиц, относящихся к целевым группам на 2015 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении дополнительного перечня лиц, относящихся к целевым группам на 2015 год
- Атауы (қаз.)
- 2015 жылға нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 100
- Қабылданған күні
- 16.02.2015
- Көрсетілген редакция
- 28.01.2016 87463_272952.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.01.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15ZC003838
- ЭКБ идентификаторы
- 87463
- Редакция идентификаторы
- 87463_272952
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 16:40
0 2015 жылға нысаналы
топтарға жататын
адамдардың қосымша
тізбесін белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, еңбек рыногындағы жағдай мен бюджет қаражатына қарай аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қосымшаға сәйкес 2015 жылға нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі белгіленсін.
2 2. «Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі қолданыстағы заңнамаларға сәйкес осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3
3. Бөрлі ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 26 шілдедегі № 661 «Бөрлі ауданы бойынша нысаналы топтарға жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7-3-134 тіркелген, 2012 жылғы 30 тамызда «Бөрлі жаршысы-Бурлинские вести» газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
4
4. Бөрлі ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 31 мамырдағы № 505 «Бөрлі ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 26 шілдедегі № 661 «Бөрлі ауданы бойынша нысаналы топтарға жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы» қаулысына толықтыру енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3305 тіркелген, 2013 жылғы 25 шілдеде «Бөрлі жаршысы-Бурлинские вести» газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
5 5. Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмысы бөлімінің басшысы (А. Дарисов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
6 6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Сафималиевке жүктелсін.
7 7. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
8 Бөрлі ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 16 ақпандағы
№ 100 қаулысына
қосымша
2015 жылға нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі
1 1. Жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органның жолдамасы
бойынша кәсіби білім алған жұмыссыздар;
2 2. Бір жылдан астам жұмыс істемеген адамдар;
3 3. 50 жастан асқан жұмыссыз азаматтар;
4 4. Жоғары оқу орындарының және техникалық және кәсіптік білім
беру ұйымдарының студенттері жазғы демалыс кезеңінде.