Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размер подушевого финансирования и родительской платы на 2015 год в городе Тараз
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размер подушевого финансирования и родительской платы на 2015 год в городе Тараз
- Атауы (қаз.)
- Тараз қаласында 2015 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 183
- Қабылданған күні
- 23.02.2015
- Қолданысқа енгізілген күні
- 18.03.2015
- Көрсетілген редакция
- 24.12.2015 87502_120211.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.12.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15GA002571
- ЭКБ идентификаторы
- 87502
- Редакция идентификаторы
- 87502_120211
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 16:32
0 Тараз қаласында 2015 жылға арналған
мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға
мемлекеттік білім беру тапсырысын,
жан басына шаққандағы қаржыландыру
және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін
бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31, 37 баптарына және «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6 бабы 4 тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес Тараз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Тараз қаласында 2015 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. «Жамбыл облысы Тараз қаласы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі аталған қаулыны баспасөз беттерінде және жергілікті атқарушы органның интернет-ресурстарында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Тараз қаласы әкімінің орынбасары Маржан Төреғұлқызы Қожаеваға жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркeyден өткен күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5 Тараз қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 23 ақпандағы
№ 183 қаулысына қосымша
Тараз қаласында 2015 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен
оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын,
жан басына шаққандағы қаржыландыру
және ата-ананың ақы төлеу мөлшері
Атауы
Мемлекеттік білім беру тапсырысы, (орын) оның ішінде қаржыландырылатын
Бір айға жан басына шаққандағы қаржыландыру мөлшері, (теңге) оның ішінде қаржыландырылатын
Бір айға ата-ананың ақы төлеу мөлшері (теңге)
республикалықнысаналытрансферттересебінен
жергілікті бюджет есебінен
республикалықнысаналытрансферттересебінен (теңге)
жергілікті бюджет есебінен (теңге)
Мектепкедейінгімемлекеттікұйымдар
Толық күндік шағын орталықтар
1155
1091
13241
12856
10000
оныңішінде:
Мектепке дейінгі жеке меншік ұйымдар (шағын орталық)
225
0
13241
0
0
Балабақшалар
6318
9197
19165
20723
10000
оның ішінде:
"Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің "№12 арнайы гастроэнтерологиялық балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны , "Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 17 "Арнайы туберкулездік" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
0
692
0
24672
10000
"Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 6 "Арнаулы логопедтік" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны, "Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 8 "Арнайы логопедтік "балалар бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
0
774
0
22678
10000
Мектепке дейінгі жеке меншік ұйымдар (балабақша)
2733
0
19165
0
0