Құжат мәтініне өту

О государственной поддержке развития животноводства в Актюбинской области на 2015 год

Қаулы · № 78 · қабылданған 03.03.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 24.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2015-ekb-87567/on/2026-08-24/
Басып шығарылды 2026-08-24 · adilet.kz
О государственной поддержке развития животноводства в Актюбинской области на 2015 год Күшін жойған Қаулы ·№ 78 ·03.03.2015
01.02.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
24.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.02.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О государственной поддержке развития животноводства в Актюбинской области на 2015 год

Күшін жойған Қаулы ·№ 78 · 24.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О государственной поддержке развития животноводства в Актюбинской области на 2015 год
Атауы (қаз.)
2015 жылға Ақтөбе облысында мал шаруашылығын дамытуды мемлекеттік қолдау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
78
Қабылданған күні
03.03.2015
Көрсетілген редакция
01.02.2016 87567_51646.kaz
Соңғы өзгеріс
01.02.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15C0004240
ЭКБ идентификаторы
87567
Редакция идентификаторы
87567_51646
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 16:16

0 2015 жылға Ақтөбе облысында мал шаруашылығын дамытуды мемлекеттік қолдау туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 3-1/600 «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған:

1 1) жеке қосалқы шаруашылықтарда мүйізді ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100%-ға дейін өтеуге, ірі, шырынды және құрама жемшөп пен жемшөптік қоспаларын дайындау және сатып алу шығындарын арзандатуға арналған субсидиялар нормативтері;

2 2) жеке қосалқы шаруашылықтарда мүйізді ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру бойынша қызметтер жеткізушілерге, ірі, шырынды және құрама жемшөп пен жемшөптік қоспаларын дайындау және сатып алу бойынша тауар өндірушілерге қойылатын өлшемдері және талаптары;

3 3) асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға субсидиялар көлемдері;

4 4) мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруға субсидиялар көлемдері бекітілсін.

2 2. «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыны «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне орналастыруды қамтамасыз етсін.

3

3. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 457 «Ақтөбе облысында мал шаруашылығын дамытуды мемлекеттік қолдау туралы» қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4120 болып тіркелген, «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде 2015 жылғы 6 қаңтарда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М. С. Жұмағазиевке жүктелсін.

5 5. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілсін.

Келісілді:
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі
А. Мамытбеков

10 Облыс әкімдігінің

2015 жылғы 3 наурыздағы
№ 78 қаулысымен бекітілді
Жеке қосалқы шаруашылықтарда мүйізді ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100%-ға дейін өтеуге, ірі, шырынды жәнеқұрама жемшөп пен жемшөптік қоспаларын дайындау және сатып алу бойынша шығындарды арзандатуға арналған субсидиялар нормативтері
Р/н

Субсидиялау бағытының
атауы
Өлшем
бірлік
1 басқа субсидия нормативі,
теңге
1.
Жеке қосалқы шаруашылықтардағы мүйізді ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру
бас
5 000
2.
Ірі, шырынды және құрама жемшөп пен жемшөптік қоспаларын дайындау және сатып алу бойынша шығындарды арзандату*:
х
х
2.1.
етті бағыттағы асыл тұқымды мүйізді ірі қараның аналық мал басы
бас
6 000
2.2.
алыс шетелден әкелінген етті бағыттағы шетел селекциясындағы асыл тұқымды мүйізді ірі қараның аналық мал басы
бас
93 000
2.3.
Жыл басынан бері кемінде 7 000 бас мүйізді ірі қара малын етке өткізген 1-деңгейдегі мал бордақылау алаңдары
бас
28 000
2.4.
Жыл басынан бері 7 000 басқа дейін мүйізді ірі қара малын етке өткізген 1-деңгейдегі мал бордақылау алаңдары
бас
6 000
2.5
орташа жылдық сауымы 7 000 литрден жоғары сүтті бағыттағы асыл тұқымды мүйізді ірі қараның аналық мал басы
бас
132 000
2.6
орташа жылдық сауымы 3 500 литр сүтті бағыттағы асыл тұқымды мүйізді ірі қараның аналық мал басы
бас
6 000
*субсидия Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 19 қарашадағы №3-1/600 бұйрығымен бекітілген асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, өнім өндіруді және оның сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларымен анықталған бағыттардың басымдылықтарына сәйкес төленеді.

11 Облыс әкімдігінің

2015 жылғы 3 наурыздағы
№ 78 қаулысымен бекітілді
Жеке қосалқы шаруашылықтарда мүйізді ірі қара малдың аналық мал басын қолданұрықтандыру бойынша қызметтер жеткізушілерге, ірі, шырынды және құрама жемшөп пен жемшөптік қоспаларын дайындау және сатып алу бойынша тауар өндірушілерге қойылатын өлшемдер және талаптар
Р/н

Субсидиялау бағытының атауы
Өлшемдер және талаптар
1.
Жеке қосалқы шаруашылықтардағы мүйізді ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру
1. Зоотехникалық және ветеринарлық-санитарлық талаптарға сәйкес келетін және жарақталған қолдан ұрықтандыру пунктерінің болуы;
2. Арнайы дайындық курстардан өткен, асыл тұқымды мал шаруашылығы субъектілерінің реестрінде тіркелген техник-ұрықтандырушылардың болуы.
2.
Ірі, шырынды және құрама жемшөп пен жемшөптік қоспаларын дайындау және сатып алу шығындарын арзандату
1. Етті бағыттағы асыл тұқымды мүйізді ірі қара малының аналығы үшін:
мүйізді ірі қарааналық мал басының ақпараттық сараптамалық жүйесі және ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру базасында тіркеуде болуы.
2. Орташа жылдық сүт көлемі 7000 кг асатын сүтті бағыттағы асыл тұқымды мүйізді ірі қара малының аналығы үшін:
өткен жылдың статистикалық жылдық есебі бойынша жыл басындағы сиырдың бір басынансауылған орташа жылдықсүт көлемі 7000 кг кем болмауы тиіс.
3. Орташажылдық сүт көлемі 3500 кг асатын сүтті бағыттағы асыл тұқымды мүйізді ірі қара малының аналығы үшін:
өткен жылдың статистикалық жылдық есебі бойынша жыл басындағы сиырдың бір басынан сауылған орташажылдық сүт көлемі 3500 кг кем болмауы тиіс.
4. Жыл басынан бері кемінде 7 000 бас мүйізді ірі қара малын етке өткізген 1-деңгейдегі мал бордақылау алаңдары үшін:
жыл басынан бастап кемі 7000 бас мүйізді ірі қараны сойып өткізу(ауыл шаруашылығы малдарын бірдейлендіру базасынан алынған үзіндімен расталады).
5. Жыл басынан бері 7 000 басқа дейін мүйізді ірі қара малын етке өткізген 1-деңгейдегі мал бордақылау алаңдары үшін:
жыл басынан бастап 7000 басқа дейін мүйізді ірі қараны сойып өткізу (ауыл шаруашылығы малдарын бірдейлендіру базасынан алынған үзіндімен расталады).

12 Ақтөбе облысы әкімдігінің

2015 жылғы 3 наурыздағы
№ 78 қаулысына 3-қосымша
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға субсидия көлемдері

Өнімдердің атауы
Өлшем бірлік
2015 жылға субсидиялар көлемдері
субсидияланатын көлем
субсидиялар сомасы, мың теңге
1
Етті бағыттағы асыл тұқымды мүйізді ірі қара малдың аналық мал басына асыл тұқымдық және селекциялық жұмысты жүргізу
бас
7 365
147 300
2
Етті бағыттағы тұқымдық түрлендірумен қамтылған мүйізді ірі қара малдың аналық мал басына асыл тұқымдық және селекциялық жұмысты жүргізу
бас
49 380
888 840
3
Ұлттық қордан етті бағыттағы тұқымдық түрлендірумен қамтылған мүйізді ірі қара малдың аналық мал басына асыл тұқымдық және селекциялық жұмысты жүргізу *
бас
3 239
58 305
4
Сүтті бағыттағы асыл тұқымды мүйізді ірі қара малдың аналық мал басына асыл тұқымдық және селекциялық жұмысты жүргізу
бас
2 916
58 320
5
Аналық қой басына селекциялық және асыл тұқымдық жұмысты жүргізу
бас
140 000
210 000
6
Қоғамдық табындарда етті, сүтті және қос бағыттағы асыл тұқымды аталық бұқаларды күтіп-бағу
бас
1 393
144 872
7
Жеке қосалқы шаруашылықтардағы мүйізді ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру
бас
9 799
48 995
8
Етті өнімділік бағыттағы мүйізді ірі қара мал төлдерін импорттау, оның ішінде:
бас
х
х
Австралиядан, АҚШ-тан және Канададан
бас
х
х
асыл тұқымды селекциялық мүйізді ірі қара мал (Ресейден, Белоруссиядан және Украинадан әкелінгенді қоса есептегенде)
бас
326
34 224
9
Сүтті өнімділік бағыттағы асыл тұқымды мүйізді ірі қара мал төлдерін импорттау, оның ішінде:
бас
х
х
асыл тұқымды мүйізді ірі қара мал (Ресейден, Белоруссиядан және Украинадан әкелінгенді қоса есептегенде)
бас
148
17 464
10
Отандық асыл тұқымды мүйізді ірі қара малды сатып алу
бас
2 228
331 733
11
Асыл тұқымды малдарды сатып алу, оның ішінде:
бас
х
х
қойлар
бас
4 500
36 000
жылқылар
бас
450
18 000
БАРЛЫҒЫ:
бас
х
1 994 053
Ескерту:
* - Қазақстан Республикасы Ұлттық қордан бөлінген қаражат

13 Ақтөбе облысы әкімдігінің

2015 жылғы 3 наурыздағы
№ 78 қаулысына 4-қосымша
Мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін және сапасын арттыруға субсидия көлемдері

Өнімдердің атауы
Өлшем бірлік
2015 жылға субсидия көлемдері
субсидияланатын көлем
субсидия сомасы, мың теңге
1
Сиыр еті өндірісінің құнын арзандату, оның ішінде:
тонна
х
х
1-деңгей
тонна
2 804,1
841 230
2-деңгей
тонна
120,1
20 417
3-деңгей
тонна
237,3
23 730
2
Шошқа еті өндірісінің құнын арзандату: 1-деңгей
тонна
6 222,2
609 776
3
Қой еті өндірісінің құнын арзандату, оның ішінде:
тонна
х
х
1-деңгей
тонна
63,27
12 654
2-деңгей
тонна
13,4
1 338,5
4
Жылқы еті өндірісінің құнын арзандату
тонна
200
18 400
5
Сүт өндірісінің құнын арзандату, оның ішінде:
тонна
х
х
1-деңгей
тонна
4 961,4
124 035
Субсидия нормативін 50% дейін өсіру есебінен **
тонна
3 590
124 761,3
2-деңгей
тонна
891,5
13 372,5
3-деңгей
тонна
566,4
5 664
6
Қымыз өндірісінің құнын арзандату
тонна
100,75
6 045
7
Құс еті өндірісінің құнын арзандату: 3-деңгей
тонна
425
21 250
Субсидия нормативін 50% дейін өсіру есебінен **
тонна
400
26 858
8
Тағамдық жұмыртқа өндірісінің құнын арзандату: 1-деңгей
мың дана
69 000
207 000
Субсидия нормативін 50% дейін өсіру есебінен **
мың дана
23 000
94 045
9
Бұқашықтарды субсидиялаудың 1-деңгейіндегі бордақылау алаңдарына немесе операторға өткізу
бас
1 542
37 008
10
Ірі, шырынды және құрама жемшөп пен жемшөптік қоспаларын дайындау және сатып алу бойынша шығындарды арзандату
бас
х
657 996
11
Етті бағыттағы ірі қара мал шаруашылығына мал азығының құнын арзандату *
тонна
17 151,3
128 635
12
Шошқа шаруашылығына мал азығының құнын арзандату *
тонна
6 008
45 060
Барлығы:
х
х
3 019 275,3
Ескерту:
* - Қазақстан Республикасы Ұлттық қордан бөлінген қаражат
** - Өсімдік шаруашылығының бағдарламалары бойынша
бюджеттік қаражатты үнемдеу есебінен субсидия нормативтерін өсіру

Қолданыстағы