Құжат мәтініне өту

Об определении целевых групп населения, проживающих на территории города Курчатов, на 2015 год

Қаулы · № 58 · қабылданған 19.02.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 24.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2015-ekb-87594/on/2026-08-24/
Басып шығарылды 2026-08-24 · adilet.kz
Об определении целевых групп населения, проживающих на территории города Курчатов, на 2015 год Күшін жойған Қаулы ·№ 58 ·19.02.2015
26.02.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
24.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.02.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении целевых групп населения, проживающих на территории города Курчатов, на 2015 год

Күшін жойған Қаулы ·№ 58 · 24.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении целевых групп населения, проживающих на территории города Курчатов, на 2015 год
Атауы (қаз.)
2015 жылға Курчатов қаласының аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
58
Қабылданған күні
19.02.2015
Көрсетілген редакция
26.02.2016 87594_74622.kaz
Соңғы өзгеріс
26.02.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15VC003723
ЭКБ идентификаторы
87594
Редакция идентификаторы
87594_74622
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 16:36

0 2015 жылға Курчатов

қаласының аумағында
тұратын халықтың
нысаналы топтарын
анықтау туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5-бабына, 7-бабының 2) тармақшасына сәйкес, Курчатов қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. 2015 жылға Курчатов қаласының аумағында тұратын халықтың келесі нысаналы топтары анықталсын:

1 1) табысы аз адамдар;

2 2) жиырма бір жасқа дейінгі жастар;

3 3) балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;

4 4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;

5 5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;

6 6) зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);

7 7) мүгедектер;

8 8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;

9 9) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;

10 10) оралмандар;

11 11) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер;

12 12) жұмыс беруші – заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші – жеке тұлғаның қызметін тоқтауына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар;

13 13) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар;

14 14) терроризм актісінен жәбірленуші адамдар және оның жолын кесуге қатысқан адамдар;

15 15) жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасты қоса жастағы жастар;

16 16) ұзақ уақыт (бір жылдан астам) жұмыс істемейтін адамдар;

17 17) зейнеткерлік жасқа жетуіне дейінгі елу жастан асқан адамдар;

18 18) халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сай кәсіптер (мамандықтар) бойынша кәсіптік оқуды аяқтаған жұмыссыздар;

19 19) жалғыз тұратын адамдар;

20 20) асырауында кәмелеттік жасқа толмаған екі және одан да көп балалары бар адамдар;

21 21) техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын бітірушілер;

22 22) өнімсіз еңбекпен айналысқан өзін-өзі қамтыған халық;

23 23) бір де жұмыс істеушілері жоқ отбасылардан шыққан азаматтар;

24 24) есірткіге тәуелді және АҚТҚ инфекциясымен ауыратын тұлғалар.

2

2. «Курчатов қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі және Курчатов қаласы әкімдігінің «Жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғаларды уақытша жұмыспен қамтуды және олардың жұмысқа орналасуына көмек көрсетуді қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Курчатов қаласы әкімінің орынбасары Е. В. Старенковаға жүктелсін.

4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы