О предоставлении мер социальной поддержки специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Зерендинского района на 2015 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О предоставлении мер социальной поддержки специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Зерендинского района на 2015 год
- Атауы (қаз.)
- 2015 жылға арналған Зеренді ауданның ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 35-279
- Қабылданған күні
- 04.03.2015
- Көрсетілген редакция
- 15.04.2015 88148_55571.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.04.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15BN004713
- ЭКБ идентификаторы
- 88148
- Редакция идентификаторы
- 88148_55571
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 16:15
0 2015 жылға арналған
Зеренді ауданның ауылдық
елді мекендерге жұмыс істеу
және тұру үшін келген
денсаулық сақтау, білім беру,
әлеуметтік қамсыздандыру,
мәдениет, спорт және
агроөнеркәсіптік кешен
саласындағы мамандарға
әлеуметтік қолдау шараларын
ұсыну туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18 бабының 8 тармағына, «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысының 2 тармағына, «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығының 4 тармағына сәйкес, Зеренді аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1 1. 2015 жылға арналған Зеренді ауданның ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шаралары келесі түрінде:
1 1) жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;
2 2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит болып ұсынылсын.
2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Зеренді ауданының селолық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын көрсету бойынша жұмысты ұйымдастыру үшін тұрақты әрекет ететін комиссиясына жүктелсін.
3 3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Зеренді ауданының әкімі
________________ А. Мұратұлы
2015 жылғы «___» ________