Об организации приписки граждан к призывному участку в 2015 году
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об организации приписки граждан к призывному участку в 2015 году
- Атауы (қаз.)
- 2015 жылы азаматтарды шақыру учаскесінде тіркеуді ұйымдастыру туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 01
- Қабылданған күні
- 06.01.2015
- Көрсетілген редакция
- 06.01.2015 88239_7166.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.01.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15KE002932
- ЭКБ идентификаторы
- 88239
- Редакция идентификаторы
- 88239_7166
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 17:06
0 2015 жылы азаматтарды
шақыру учаскесінде
тіркеуді ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына, 2012 жылғы 16 ақпандағы «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы», Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 маусымдағы «Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» №859 қаулысына сәйкес, Қаражал қаласының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1 1. 2015 жылдың қаңтар-наурыз айларында 2015 жылы он жеті жасқа толатын ер азаматтарды «Қазақстан Республикасы қорғаныс Министрлігінің Қарағанды облысы Қаражал қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесінде тіркеу ұйымдастырылсын.
2
2. Меншік нысанына және бағыныштылығына қарамастан Қаражал қаласының және Жәйрем кентінің кәсіпорындары, мекемелері, ұйымдары және оқу орындарының басшылары «Қазақстан Республикасы қорғаныс Министрлігінің Қарағанды облысы Қаражал қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесіне 1998 жылы туған, шақыру учаскесінде тіркеуге жататын азаматтардың тізімін белгіленген нысанда ұсынсын.
3 3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау Қаражал қаласының әкімі орынбасарының міндетің атқарушы М.Мұқашеваға жүктелсін.
4 4. Осы шешім ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
«Қазақстан Республикасы қорғаныс
Министрлігінің Қарағанды облысы
Қаражал қаласының қорғаныс істері
жөніндегі бөлімі» республикалық
мемлекеттік мекемесінің бастығы
____________ М.Бекетаев
2015 жылғы «06» қаңтар
«Қазақстан Республикасы
ішкі істер Министрлігінің Қарағанды
облысының ішкі істер Департаментінің
Қаражал қаласының ішкі істер бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
___________ А.Тәкібаев
2015 жылғы «06» қаңтар