Құжат мәтініне өту

Об определении целевых групп населения, проживающих на территории Глубоковского района на 2015 год

Қаулы · № 110 · қабылданған 02.03.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2015-ekb-88252/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
Об определении целевых групп населения, проживающих на территории Глубоковского района на 2015 год Күшін жойған Қаулы ·№ 110 ·02.03.2015
07.09.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.09.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении целевых групп населения, проживающих на территории Глубоковского района на 2015 год

Күшін жойған Қаулы ·№ 110 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении целевых групп населения, проживающих на территории Глубоковского района на 2015 год
Атауы (қаз.)
2015 жылға Глубокое ауданының аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
110
Қабылданған күні
02.03.2015
Көрсетілген редакция
07.09.2016 88252_112409.kaz
Соңғы өзгеріс
07.09.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15VI003776
ЭКБ идентификаторы
88252
Редакция идентификаторы
88252_112409
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 16:18

0 2015 жылға Глубокое

ауданының аумағында тұратын
халықтың нысаналы топтарын
анықтау туралы
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5-бабының 2-тармағына, 7-бабының 2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес, Глубокое аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. 2015 жылға арналған Глубокое ауданының аумағында тұратын халықтың келесі нысаналы топтары анықталсын:

1 1) табысы аз адамдар;

2 2) жиырма бір жасқа дейінгі жастар;

3 3) балалар үйлерінің тәрбиленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;

4 4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;

5 5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;

6 6) зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);

7 7) мүгедектер;

8 8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;

9 9) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;

10 10) оралмандар;

11 11) жоғары және жоғары орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер;

12 12) жұмыс беруші-заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші – жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар;

13 13) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар;

14 14) терроризм актісінен жәбірленуші адамдар және оның жолын кесуге қатысқан адамдар;

15 15) жиырма бір жастан бастап жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;

16 16) ұзақ уақыт (алты айдан кем) жұмыс істемеген адамдар;

17 17) өнімсіз еңбекпен айналысқан, өзін-өзі қамтыған халық;

18 18) бір де жұмыс істеушілері жоқ отбасылардан шыққан азаматтар;

19 19) зейнетақы жасына жеткенше 50 жастан асқан адамдар.

2

2. «Глубокое ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі және Глубокое аудандық әкімдігінің «Жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі халықтың нысаналы топтарына жататын адамдардың уақытша жұмысқа орналасуын қамтамасыз етсін және оларды жұмысқа орналасуна жәрдемдессін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Глубокое ауданы әкімінің орынбасары С. С. Жұмаділовке жүктелсін.

4 4. Қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы