Об организации общественных работ на 2015 год
Қолданыста
Қаулы
·№ 113
·
13.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об организации общественных работ на 2015 год
- Атауы (қаз.)
- 2015 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 113
- Қабылданған күні
- 19.03.2015
- Көрсетілген редакция
- 19.03.2015 88297_8677.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.03.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15NP005500
- ЭКБ идентификаторы
- 88297
- Редакция идентификаторы
- 88297_8677
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 16:00
0 2015 жылға қоғамдық жұмыстарды
ұйымдастыру туралы
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 20-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына сәйкес Науырзым ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2015 жылға қоса беріліп отырған ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері және оларды қаржыландыру көздері бекітілсін.
2. Мыналар белгіленсін:
1) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар мен әлеуметтік салық аудандық бюджеттен өтеледі және жұмыс берушілердің есеп айырысу шоттарына аударылады;
2) жалақыны есептеу мен төлеу бойынша екінші деңгейдегі банктердің қызметіне комиссиялық сыйақысын төлеу шығындары қоғамдық жұмыстарды орындау шартында белгіленген мөлшерлерде жұмыс берушілердің есеп айырысу шоттарына аудандық бюджеттен өтеледі.
3. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру «Науырзым ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі және жұмыс беруші арасында қолданыстағы заңнамаға сәйкес жасалған қоғамдық жұмыстарды орындау шартында көрсетілген жағдайларда жүргізілсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Т. Исмаиловқа жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2015 жылғы 1 сәуірден бастап туындаған іс-әрекеттерге таратылады.
КЕЛІСІЛДІ
«Науырзым ауданының жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының
міндетін уақытша атқарушы
________________Г.Е. Асанова