Құжат мәтініне өту

Об организации и обеспечении проведения очередного призыва граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2015 года

Өзге акт · № 75 · қабылданған 26.03.2015
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2015-ekb-88311/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об организации и обеспечении проведения очередного призыва граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2015 года Қолданыста Өзге акт ·№ 75 ·26.03.2015
26.03.2015 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.03.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об организации и обеспечении проведения очередного призыва граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2015 года

Қолданыста Өзге акт ·№ 75 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об организации и обеспечении проведения очередного призыва граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2015 года
Атауы (қаз.)
2015 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
75
Қабылданған күні
26.03.2015
Көрсетілген редакция
26.03.2015 88311_8153.kaz
Соңғы өзгеріс
26.03.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15CG004285
ЭКБ идентификаторы
88311
Редакция идентификаторы
88311_8153
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 15:53

0 2015 жылдың сәуір-маусымында және

қазан-желтоқсанында азаматтарды
кезекті мерзімді әскери қызметке
шақыруды жүргізуді ұйымдастыру
және қамтамасыз ету туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік баскару және өзін-өзі басқару туралы» Занының 31- бабына, Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 1011 «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2015 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» Жарлығына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 13 наурыздағы № 135 «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2015 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 1011 Жарлығын іске асыру туралы» қаулысына сәйкес Қобда ауданының әкiмдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. 2015 жылдың сәуiр-маусымында және қазан-желтоқсанында әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтарды, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және әскерге шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімдерін өткермеген азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.

2 2. Шақыруды өткізу жөніндегі іс-шараларды орындауға байланысты шығындар жергілікті бюджет қаржылары есебінен жүзеге асырылсын.

3 3. Ұсынылсын:

1 1) «Қобда аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік қазынашылық коммуналдық кәсіпорнына (келісім бойынша) шақыру бойынша іс-шаралар жүргізсін;

2 2) «Қобда ауданыдық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) әскери міндеттерін орындаудан жалтарған адамдарды іздестіруді және ұстауды жүзеге асырсын;

3 3) «Қобда ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» Республикалық мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) мемлекеттік мекемелермен бірлесіп Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өкілеттілігі шегінде шақыруды ұйымдастырсын және қатысыты іс-шараларды өткізуді қамтамасыз етсін.

4 4. Ауылдық округ әкімдері, кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар және оқу орындарының басшыларына әскерге шақырушыларға шақыру учаскесіне шақырылғаны туралы хабарлауды және осы шақыру бойынша дер кезінде келуін қамтамасыз етсін.

5 5. «Қобда ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» Республикалық мемлекеттік мекемесі (М. Дауылбаев) аудан әкіміне 2015 жылдың 7 шілдесіне және 2016 жылдың 5 қаңтарына шақыру нәтижелері туралы ақпарат берсін.

6 6. Осы қаулының орындалуына бақылау аудан әкімінің орынбасары Б. Елеусіноваға және «Қобда ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» Республикалық мемлекеттік мекемесінің бастығы М. Дауылбаевқа жүктелсін.

7 7. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2015 жылдың 1 сәуірінен бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.

Қолданыстағы