Об организации и обеспечении проведения призыва граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2015 года
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об организации и обеспечении проведения призыва граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2015 года
- Атауы (қаз.)
- 2015 жылдың сәуiр-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 72
- Қабылданған күні
- 18.03.2015
- Көрсетілген редакция
- 18.03.2015 88317_8908.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.03.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15CF004284
- ЭКБ идентификаторы
- 88317
- Редакция идентификаторы
- 88317_8908
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 16:02
0 2015 жылдың сәуiр-маусымында және
қазан-желтоқсанында азаматтарды
мерзімді әскери қызметке шақыруды
жүргізуді ұйымдастыру және
қамтамасыз ету туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңының 27 бабына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2015 жылғы 20 ақпандағы № 1011 «Әскери қызметтің белгіленген мерзiмiн өткерген мерзiмдi әскери қызметтегi әскери қызметшiлердi запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2015 жылдың сәуiр-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзiмдi әскери қызметке кезектi шақыру туралы» Жарлығына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2015 жылғы 13 наурыздағы № 135 «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзiмдi әскери қызметтегi әскери қызметшiлердi запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2015 жылдың сәуiр-маусымында және қазан-желтоқсанында кезектi мерзiмдi әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2015 жылғы 20 ақпандағы № 1011 Жарлығын iске асыру туралы» қаулысына сәйкес, Қарғалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. 2015 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтарды, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және әскерге шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімдерін өткермеген азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.