Құжат мәтініне өту

О мерах социальной защищенности спортсменов Кызылординской области в 2015 год

Қаулы · № 900 · қабылданған 02.04.2015
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2015-ekb-88357/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О мерах социальной защищенности спортсменов Кызылординской области в 2015 год Қолданыста Қаулы ·№ 900 ·02.04.2015
02.04.2015 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.04.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О мерах социальной защищенности спортсменов Кызылординской области в 2015 год

Қолданыста Қаулы ·№ 900 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О мерах социальной защищенности спортсменов Кызылординской области в 2015 год
Атауы (қаз.)
2015 жылы Қызылорда облысы спортшыларының әлеуметтік қорғалуы мәселелері туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
900
Қабылданған күні
02.04.2015
Көрсетілген редакция
02.04.2015 88357_9195.kaz
Соңғы өзгеріс
02.04.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15L0004938
ЭКБ идентификаторы
88357
Редакция идентификаторы
88357_9195
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 15:38

0 2015 жылы Қызылорда облысы спортшыларының әлеуметтік қорғалуы мәселелері туралы

«Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шiлдедегi Заңына сәйкес Қызылорда облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1

1. 2015 жылы спорт түрлерi бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлерi бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кiретiн Қызылорда облысының спортшыларына, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ, спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамында ойнайтын Қызылорда облысының спортшыларына, олардың жаттықтырушыларына және клубтық командалардың жетекшілеріне осы қаулының қосымшасына сәйкес ай сайын ақшалай үлес төленсін.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Р. Кенжеханұлына жүктелсін.

3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

4 Қызылорда облысы әкімдігінің

2015 жылғы «2» сәуірдегі № 900 қаулысына
қосымша
2015 жылы спорт түрлерi бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлерi бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кiретiн Қызылорда облысының спортшыларына, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамында ойнайтын Қызылорда облысының спортшыларына, олардың жаттықтырушыларына және клубтық командалардың жетекшілеріне ай сайын ақшалай үлес
Жарыстардың атаулары
Алған
орын
Ай сайын ақшалай үлес мөлшері
Жазғы, қысқы Олимпиада ойындары
1-орын
2075 АЕК
2-орын
1500 АЕК
3-орын
1000 АЕК
4-орын
300 АЕК
5-орын
200 АЕК
6-орын
100 АЕК
Жазғы, қысқы Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындары
1-орын
1500 АЕК
2-орын
1000 АЕК
3-орын
300 АЕК
4-орын
200 АЕК
5-орын
100 АЕК
6-орын
80 АЕК
Әлем чемпионаты (олимпиадалық спорт түрлері бойынша) ересектер арасында
1-орын
255 АЕК
2-орын
202 АЕК
3-орын
152 АЕК
Әлем чемпионаты (олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша) ересектер арасында
1-орын
152 АЕК
2-орын
100 АЕК
3-орын
80 АЕК
Жазғы, қысқы Азия ойындары, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындары, Бүкіләлемдік универсиада
1-орын
200 АЕК
2-орын
180 АЕК
3-орын
152 АЕК
Жасөспірімдердің жазғы, қысқы Олимпиада ойындары
1-орын
152 АЕК
2-орын
100 АЕК
3-орын
80 АЕК
Азия чемпионаты (олимпиадалық спорт түрлері бойынша) ересектер арасында
1-орын
100 АЕК
2-орын
80 АЕК
3-орын
60 АЕК
Азия чемпионаты (олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша) ересектер арасында
1-орын
60 АЕК
2-орын
50 АЕК
3-орын
41 АЕК
Әлем Кубогі, әскерилер арасында Әлем чемпионаты (олимпиадалық спорт түрлері бойынша)
1-орын
100 АЕК
2-орын
80 АЕК
3-орын
60 АЕК
Әлем чемпионаты (олимпиадалық спорт түрлері бойынша) жастар арасында
1-орын
80 АЕК
2-орын
70 АЕК
3-орын
60 АЕК
Әлем чемпионаты (олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша) жастар арасында
1-орын
60 АЕК
2-орын
50 АЕК
3-орын
41 АЕК
Азия чемпионаты (олимпиадалық спорт түрлері бойынша) жастар, жасөспірімдер арасында
1-орын
60 АЕК
2-орын
50 АЕК
3-орын
41 АЕК
Азия чемпионаты (олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша) жастар, жасөспірімдер арасында
1-орын
45 АЕК
2-орын
35 АЕК
3-орын
25 АЕК
Қазақстан Республикасының чемпионаты, Қазақстан Республикасының жазғы, қысқы Спартакиадасы (олимпиадалық спорт түрлері бойынша) Қазақстан Республикасының Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындары
1-орын
60 АЕК
2-орын
50 АЕК
3-орын
41 АЕК
Жазғы, қысқы Жастар ойындары, Қазақстан Республикасының чемпионаты, (олимпиадалық спорт түрлері бойынша) жастар арасында
1-орын
36 АЕК
2-орын
26 АЕК
3-орын
21 АЕК
Аббревиатураның толық жазылуы:
АЕК – айлық есептік көрсеткіш

Қолданыстағы