Құжат мәтініне өту

Об организации и обеспечении проведения призыва граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2015 года

Қаулы · № 123 · қабылданған 06.04.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2015-ekb-88415/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
Об организации и обеспечении проведения призыва граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2015 года Күшін жойған Қаулы ·№ 123 ·06.04.2015
30.06.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.06.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об организации и обеспечении проведения призыва граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2015 года

Күшін жойған Қаулы ·№ 123 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об организации и обеспечении проведения призыва граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2015 года
Атауы (қаз.)
2015 жылдың сәуiр-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
123
Қабылданған күні
06.04.2015
Көрсетілген редакция
30.06.2016 88415_Some(100045).kaz
Соңғы өзгеріс
30.06.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15CI004295
ЭКБ идентификаторы
88415
Редакция идентификаторы
88415_Some(100045)
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 15:36

0 2015 жылдың сәуiр-маусымында және

қазан-желтоқсанында азаматтарды
мерзімді әскери қызметке шақыруды
жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз
ету туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңының 27 бабына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2015 жылғы 20 ақпандағы № 1011 «Әскери қызметтің белгіленген мерзiмiн өткерген мерзiмдi әскери қызметтегi әскери қызметшiлердi запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2015 жылдың сәуiр-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзiмдi әскери қызметке кезектi шақыру туралы» Жарлығына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2015 жылғы 13 наурыздағы № 135 «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзiмдi әскери қызметтегi әскери қызметшiлердi запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2015 жылдың сәуiр-маусымында және қазан-желтоқсанында кезектi мерзiмдi әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2015 жылғы 20 ақпандағы № 1011 Жарлығын iске асыру туралы» қаулысына сәйкес, Мұғалжар ауданы әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1

1. 2015 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтарды, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және әскерге шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімдерін өткермеген азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.

2 2. Шақыруды жүргізу жөніндегі іс-шараларды орындауға байланысты шығындар жергілікті бюджет қаржылары есебінен жүзеге асырылсын.

3 3. Ұсынылсын:

1 1) «Мұғалжар аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны (келісім бойынша) шақыру бойынша іс-шараларды жүргізсін;

2 2) «Мұғалжар аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) әскери міндеттерін орындаудан жалтарған азаматтарды іздестіруді және ұстауды жүзеге асырсын;

3 3) «Мұғалжар ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) мемлекеттік мекемелермен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген құзіреті шегінде шақыруға байланысты іс-шараларды ұйымдастыруды және жүргізуді қамтамасыз етсін.

4 4. Қалалар және ауылдық округтер әкiмдерi, кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар және оқу орындарының басшылары шақырылушыларға оларды шақыру пунктіне шақырылғаны туралы хабарлауды және осы шақыру бойынша адамдардың дер кезінде келуін қамтамасыз етсін.

5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Қ. Назаровқа және «Мұғалжар ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы А. Культлеуовке жүктелсiн.

6 6. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2015 жылғы 1 сәуірден бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.

Қолданыстағы