О предоставлении мер социальной поддержки на 2015 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О предоставлении мер социальной поддержки на 2015 год
- Атауы (қаз.)
- 2015 жылға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 38/3
- Қабылданған күні
- 27.03.2015
- Көрсетілген редакция
- 01.01.2016 AI88432_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.01.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15LI004943
- ЭКБ идентификаторы
- 88432
- Редакция идентификаторы
- AI88432_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 15:48
0 2015 жылға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабына, "Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңының 18-бабының 8-тармағына, "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 Қаулысына сәйкес Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. 2015 жылға Шиелі ауданының ауылдық елдi мекендеріне жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау көрсетілсін.
2 2. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Аудандық мәслихаттың
Аудандық мәслихаттың
сессия төрағасы
хатшысы
Е. Тұрсынбаев
Ә. Оразбекұлы