Кіру
Құжат мәтініне өту

Об установлении дополнительного перечня лиц, относящихся к целевым группам населения на 2015 год в Аршалынском районе

Қаулы · № А-102 · қабылданған 26.02.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2015-ekb-88437/on/2026-09-18/
Басып шығарылды 2026-09-18 · adilet.kz
Об установлении дополнительного перечня лиц, относящихся к целевым группам населения на 2015 год в Аршалынском районе Күшін жойған Қаулы ·№ А-102 ·26.02.2015
05.01.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.01.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении дополнительного перечня лиц, относящихся к целевым группам населения на 2015 год в Аршалынском районе

Күшін жойған Қаулы ·№ А-102 · 18.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении дополнительного перечня лиц, относящихся к целевым группам населения на 2015 год в Аршалынском районе
Атауы (қаз.)
2015 жылға Аршалы ауданында халықтың нысаналы топтарға жататын адамдардың бұған қосымша тізбесін белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
А-102
Қабылданған күні
26.02.2015
Көрсетілген редакция
05.01.2016 88437_181856.kaz
Соңғы өзгеріс
05.01.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15BD004706
ЭКБ идентификаторы
88437
Редакция идентификаторы
88437_181856
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 16:25

0 2015 жылға Аршалы ауданында

халықтың нысаналы топтарға
жататын адамдардың бұған
қосымша тізбесін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңдарына сәйкес, Аршалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Халықтың нысаналы топтарға жататын адамдардың бұған қосымша тізбесі белгіленсін:

1) ұзақ уақыт жұмыс істемейтін тұлғалар (бір жылдан артық);

2) жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жасты қоса алғанда;

3) маусымдық және уақытша жұмыстардың мерзімінің аяқталуына байланысты босатылған тұлғалар;

4) техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарының түлектері;

5) адам ағзасындағы қорғаныс қабілеті жетіспейтін және қорғаныс қабілетінің төмендеуі салдарының қоздырғышын жұқтырғандар;

6) әлеуметтік-психологиялық оңалту курсынан өткен, есірткіге тәуелді тұлғалар;

7) елу жастан асқан тұлғалар.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау Аршалы ауданы әкімінің орынбасары А.Е. Мысырәлімоваға жүктелсін.

3. Аршалы ауданы әкімдігінің осы қаулысы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы