О предоставлении подъемного пособия и социальной поддержки для приобретения или строительства жилья специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Бокейординского района на 2015 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О предоставлении подъемного пособия и социальной поддержки для приобретения или строительства жилья специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Бокейординского района на 2015 год
- Атауы (қаз.)
- 2015 жылы Бөкей ордасы ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарына көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау көрсету туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 21-1
- Қабылданған күні
- 27.03.2015
- Көрсетілген редакция
- 19.02.2016 88452_Some(109145).kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.02.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15ZD003873
- ЭКБ идентификаторы
- 88452
- Редакция идентификаторы
- 88452_Some(109145)
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 15:50
0 2015 жылы Бөкей ордасы ауданының
ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге
және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарына көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алу немесе салу
үшін әлеуметтік қолдау көрсету туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы» №183 қаулысына сәйкес, аудан әкімімен мәлімдеген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарына
қажеттілікті ескере отырып, Бөкей ордасы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Бөкей ордасы ауданының ауылдық елді мекендеріне 2015 жылы
жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарына:
1 1) жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;
2 2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау - бір мың
бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит көрсетілсін.