Об определении оптимальных сроков начала и завершения посевных работ на 2015 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении оптимальных сроков начала и завершения посевных работ на 2015 год
- Атауы (қаз.)
- 2015 жылғы егіс жұмыстарының басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдерін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 67
- Қабылданған күні
- 17.03.2015
- Көрсетілген редакция
- 29.12.2015 88507_273387.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.12.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15ZK003876
- ЭКБ идентификаторы
- 88507
- Редакция идентификаторы
- 88507_273387
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 16:05
0 2015 жылғы егіс жұмыстарының
басталуы мен аяқталуының оңтайлы
мерзімдерін белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» 2004 жылғы 10 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша табиғи-климаттық аймақтар бөлігіндегі аудан аумағында 2015 жылғы егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдері осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. Тасқала ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 1 сәуірдегі № 77 «2014
жылғы егіс жұмыстарының басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдерін белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3500 тіркелген, 2014 жылғы 25 сәуірде «Екпін» газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Тасқала ауданы әкімі аппаратының басшысы (Т.Д.Нарушев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Серғалиевке жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
6 2015 жылғы 17 наурыздағы
Тасқала ауданы әкімдігінің
№ 67 қаулысына қосымша
Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын
өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша табиғи-климаттық аймақтар
бөлігіндегі аудан аумағында 2015 жылғы егіс жұмыстардың басталуы мен
аяқталуының оңтайлы мерзімдері
№
Дақылдардың түрлері
Оңтайлы мерзімдері
басталуы
аяқталуы
ІІІ құрғақ дала аймағы
1
Жаздық бидай
1 мамыр
10 маусым
2
Жаздық арпа
1 мамыр
1 маусым
3
Тары
10 мамыр
10 маусым
4
Күнбағыс
10 мамыр
10 маусым
5
Күздік бидай
10 тамыз
10 қыркүйек