Об организации и обеспечении проведения призыва граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2015 года
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об организации и обеспечении проведения призыва граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2015 года
- Атауы (қаз.)
- 2015 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 79
- Қабылданған күні
- 27.03.2015
- Көрсетілген редакция
- 05.01.2016 88705_92501.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.01.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15CK004293
- ЭКБ идентификаторы
- 88705
- Редакция идентификаторы
- 88705_92501
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 15:52
0 2015 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 1011 «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2015 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» Жарлығына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 13 наурыздағы № 135 «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2015 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 1011 Жарлығын іске асыру туралы» қаулысына сәйкес, Ойыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2015 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтарды, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және әскерге шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімдерін өткермеген азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
2. Шақыруды жүргізу жөніндегі іс-шараларды орындауға байланысты шығындар жергілікті бюджет қаржылары есебінен жүзеге асырылсын.
3. Ұсынылсын:
1) «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ойыл орталық аудандық аруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны (келісім бойынша) шақыру бойынша іс-шаралар жүргізсін;
2) «Ақтөбе облысының Ішкі істер департаментінің Ойыл ауданы ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) әскери міндеттерін орындаудан жалтарған азаматтарды іздестіруді және ұстауды жүзеге асырсын;
3) «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Ақтөбе облысы Ойыл ауданының қорғаныс істер жөніндегі бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) мемлекеттік мекемелермен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген құзіреті шегінде шақыруға байланысты іс-шараларды ұйымдастыруды және жүргізуді қамтамасыз етсін.