Об утверждении распределения и Правил использования средств на разработку профессиональных стандартов на 2015 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении распределения и Правил использования средств на разработку профессиональных стандартов на 2015 год
- Атауы (қаз.)
- Кәсіптік стандарттарды әзірлеуге 2015 жылға қаражат бөлу және оны пайдалану қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 257
- Қабылданған күні
- 23.04.2015
- Көрсетілген редакция
- 31.12.2015 89083_127237.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.12.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1500000257
- ЭКБ идентификаторы
- 89083
- Редакция идентификаторы
- 89083_127237
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 15:21
0 Кәсіптік стандарттарды әзірлеуге 2015 жылға қаражат бөлу және
оны пайдалану қағидаларын бекіту туралы
«2015 – 2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2014 жылғы 28 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына және «2015 – 2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 1300 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған:
1 1) кәсіптік стандарттарды әзірлеуге 2015 жылға қаражат бөлу;
2 2) Кәсіптік стандарттарды әзірлеуге 2015 жылға арналған қаражатты пайдалану қағидалары бекітілсін.
2 2. Орталық мемлекеттік органдар тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-күніне дейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне кәсіптік стандарттардың әзірлену барысы туралы есептер берсін.
3 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі жарты жылда бір рет, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне қарай Қазақстан Республикасының Үкіметіне кәсіптік стандарттардың әзірлену барысы туралы ақпарат берсін.
4 4. Осы қаулы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
0 Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 23 сәуірдегі
№ 257 қаулысымен
бекітілген
Кәсіптік стандарттарды әзірлеуге 2015 жылға қаражат бөлу
Р/с
№
Іс-шаралар атауы
Жауапты мемлекеттік органдар
Саны
Сомасы, мың теңге
1
Кәсіптік
стандарттарды әзірлеу
АШМ
5
9146,0
2
Кәсіптік
стандарттарды әзірлеу
ИДМ
22
41279,0
3
Кәсіптік
стандарттарды әзірлеу
МСМ
8
15243,0
4
Кәсіптік
стандарттарды әзірлеу
ҰЭМ
2
2370,0
5
Кәсіптік
стандарттарды әзірлеу
ІІМ
1
1146,0
Барлығы:
38
69184,0
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
АШМ – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі;
ИДМ – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі;
МСМ – Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі;
ҰЭМ – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі;
ІІМ – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі.
1 Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 23 сәуірдегі
№ 257 қаулысымен
бекітілген
Кәсіптік стандарттарды әзірлеуге
2015 жылға арналған қаражатты пайдалану қағидалары
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Осы Кәсіптік стандарттарды әзірлеуге 2015 жылға арналған қаражатты пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «2015 – 2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2014 жылғы 28 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына және «2015 – 2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 1300 қаулысына сәйкес әзірленді.
2 2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1 1) кәсіптік стандарт – кәсіптік қызметтің нақты саласында біліктілік деңгейіне және құзыреттілікке, еңбек мазмұнына, сапасына және жағдайларына қойылатын талаптарды айқындайтын стандарт;
2
2) республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері – кәсіптік стандарттарды әзірлеу шеңберінде іске асырылатын іс-шараларды қаржыландыруды жүзеге асыратын ішкі істер, денсаулық сақтау және әлеуметтік даму, мәдениет және спорт, ауыл шаруашылығы, инвестициялар және даму және ұлттық экономика саласындағы орталық уәкілетті органдар.
3 3. Кәсіптік стандарттарды әзірлеуге бағытталған іс-шараларды қаржыландыру бюджет заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
2 2. Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне кәсіптік стандарттарды әзірлеуге бөлінетін қаражатты пайдалану тәртібі
4
4. Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері кәсіптік стандарттың құрылымына және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушының 2012 жылғы 24 қыркүйектегі № 374-ө-м бұйрығымен бекітілген Кәсіптік стандарттарды әзірлеу, қайта қарау, сынақтан өткізу қағидасына сәйкес кәсіптік стандарттарды әзірлеуді қамтамасыз етеді.