Құжат мәтініне өту

Об условиях кредитования областных бюджетов, бюджетов городов Астаны и Алматы на реконструкцию и строительство систем тепло-, водоснабжения и водоотведения на 2015 год с последующим кредитованием субъектов, оказывающих услуги по тепло-, водоснабжению и водоотведению

Қаулы · № 247 · қабылданған 21.04.2015
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2015-ekb-89407/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об условиях кредитования областных бюджетов, бюджетов городов Астаны и Алматы на реконструкцию и строительство систем тепло-, водоснабжения и водоотведения на 2015 год с последующим кредитованием субъектов, оказывающих услуги по тепло-, водоснабжению и водоотведению Қолданыста Қаулы ·№ 247 ·21.04.2015
21.04.2015 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.04.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об условиях кредитования областных бюджетов, бюджетов городов Астаны и Алматы на реконструкцию и строительство систем тепло-, водоснабжения и водоотведения на 2015 год с последующим кредитованием субъектов, оказывающих услуги по тепло-, водоснабжению и водоотведению

Қолданыста Қаулы ·№ 247 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об условиях кредитования областных бюджетов, бюджетов городов Астаны и Алматы на реконструкцию и строительство систем тепло-, водоснабжения и водоотведения на 2015 год с последующим кредитованием субъектов, оказывающих услуги по тепло-, водоснабжению и водоотведению
Атауы (қаз.)
Кейіннен жылумен, сумен жабдықтау және су бұру қызметтерін көрсететін субъектілерге кредит бере отырып, облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкциялауға және салуға кредит берудің 2015 жылға арналған шарттары туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
247
Қабылданған күні
21.04.2015
Көрсетілген редакция
21.04.2015 89407_80154.kaz
Соңғы өзгеріс
21.04.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1500000247
ЭКБ идентификаторы
89407
Редакция идентификаторы
89407_80154
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 15:23

0 Кейіннен жылумен, сумен жабдықтау және су бұру қызметтерін

көрсететін субъектілерге кредит бере отырып, облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкциялауға және салуға кредит берудің 2015 жылға арналған шарттары туралы
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 180-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қоса беріліп отырған кейіннен жылумен, сумен жабдықтау және су бұру қызметтерін көрсететін субъектілерге кредит бере отырып, облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкциялауға және салуға кредит берудің 2015 жылға арналған шарттары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарымен кредиттік шарттар жасасуды;

2 2) кредиттік шарттар талаптарының орындалуын бақылауды;

3 3) бюджеттік кредиттердің мақсатты және тиімді пайдаланылуын, өтелуін және оларға қызмет көрсетілуін бақылау мен мониторингтеуді қамтамасыз етсін.

3 3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен сенім білдірілген өкілмен (агентпен) тапсырма шартын жасассын.

4 4. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары:

1 1) түпкі қарыз алушылармен кредиттік шарттар жасассын;

2 2) тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне кредиттердің игерілуі туралы ақпарат берсін.

5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне жүктелсін.

6 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасы

Үкіметінің
2015 жылғы 21 сәуірдегі
№ 247 қаулысымен
бекітілген
Кейіннен жылумен, сумен жабдықтау және су бұру қызметтерін
көрсететін субъектілерге кредит бере отырып, облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкциялауға және салуға кредит берудің 2015 жылға арналған шарттары

1 1. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарына (бұдан әрі – қарыз алушылар) кредиттер беру үшін мынадай негізгі шарттар белгіленеді:

1 1) қарыз алушылардың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне (бұдан әрі – кредитор) мәслихаттардың 2015 жылға арналған облыстық бюджеттерде, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерінде тиісті түсімдерді көздейтін шешімдерін ұсынуы;

2 2) 60000000000 (алпыс миллиард) теңге сомасындағы кредиттер қарыз алушыларға жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкциялауға және салуға жылдық 0,01 % сыйақы мөлшерлемесі бойынша 20 (жиырма) жыл мерзімге беріледі;

3 3) негізгі борышты төлеу бойынша жеңілдікті кезең 6 (алты) жылдан аспауға тиіс;

4 4) кредиттерді игеру кезеңі кредиттер кредитордың шотынан аударылған кезден бастап есептеледі және 2016 жылғы 10 желтоқсанда аяқталады.

2 2. Кредиттерді беру, өтеу және оларға қызмет көрсету жөніндегі қосымша шарттар Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес кредиттік шартта белгіленеді.

Қолданыстағы