Об определении целевых групп населения, проживающих на территории города Семей на 2015 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении целевых групп населения, проживающих на территории города Семей на 2015 год
- Атауы (қаз.)
- 2015 жылға Семей қаласының аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 406
- Қабылданған күні
- 27.03.2015
- Көрсетілген редакция
- 27.09.2016 89496_115654.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.09.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15VB003908
- ЭКБ идентификаторы
- 89496
- Редакция идентификаторы
- 89496_115654
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 15:50
0 2015 жылға Семей қаласының аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5-бабына, 7-бабының 2) тармақшасына сәйкес, Семей қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. 2015 жылға Семей қаласының аумағында тұратын, халықтың мынадай нысаналы топтары анықталсын:
1 1) табысы аз адамдар;
2 2) жиырма бір жасқа дейінгі жастар;
3 3) балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;
4 4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көпбалалы ата-аналар;
5 5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдары бар азаматтар;
6 6) зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);
7 7) мүгедектер;
8 8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;
9 9) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
10 10) оралмандар;
11 11) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер;
12 12) жұмыс беруші - заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші - жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар;
13 13) қылмыстық – атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар;
14 14) терроризм актісінен жәбірленуші адамдар және оның жолын кесуге қатысқан адамдар;
15 15) мектептер, техникалық және кәсіптік оқу орындарының түлектері;
16 16) жиырма бір жастан бастап жиырма тоғыз жастағыларды қоса алғандағы жастар;
17 17) бір де жұмыс істеушісі жоқ жанұялардың тұлғалары;
18 18) 50 жастан асқан адамдар;
19 19) есірткіге тәуелді және АҚТҚ-инфекциясын жұқтырған азаматтар;
20 20) ұзақ уақыт (бір жылдан астам) жұмыс істемейтін адамдар.
2
2. «Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі, Семей қаласы әкімдігінің «Жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғаларды уақытша жұмыспен қамтуды және олардың жұмысқа орналасуына көмек көрсетуді қамтамасыз етсін.
3
3. «2014 жылға Семей қаласының аумағында тұратын, халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 28 ақпанда № 3195 тіркелген, «Семей таңы» газетінде 2014 жылғы 7 наурыздағы № 18, «Вести Семей» газетінде 2014 жылғы 7 наурыздағы № 18 сандарында жарияланған) 2014 жылғы 11 ақпандағы № 163 қаулының күші жойылған деп танылсын.