Об утверждении перечня социально-значимых убыточных маршрутов, подлежащих субсидированию на внутреннем водном транспорте по городу Уральск на 2015 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении перечня социально-значимых убыточных маршрутов, подлежащих субсидированию на внутреннем водном транспорте по городу Уральск на 2015 год
- Атауы (қаз.)
- Орал қаласы бойынша 2015 жылы субсидиялауға жататын ішкі су көлігіндегі әлеуметтік мәні бар залалды маршруттардың тізбесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1371
- Қабылданған күні
- 30.04.2015
- Көрсетілген редакция
- 24.06.2016 89731_Some(100026).kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.06.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15ZA003912
- ЭКБ идентификаторы
- 89731
- Редакция идентификаторы
- 89731_Some(100026)
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 15:13
0 Орал қаласы бойынша 2015 жылы
субсидиялауға жататын ішкі су
көлігіндегі әлеуметтік мәні бар
залалды маршруттардың
тізбесін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Ішкі су көлігі туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарын, «Тасымалдаушылардың ішкі су көлігінде әлеуметтік мәні бар жолаушылар тасымалын жүзеге асыруға байланысты залалдарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидасын бекіту туралы» 2011 жылғы 6 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің №1017 қаулысын басшылыққа алып және әлеуметтік мәні бар залалды маршруттарды субсидиялау жөніндегі комиссияның ұсынымы негізінде, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қосымшаға сәйкес Орал қаласы бойынша 2015 жылы субсидиялауға жататын ішкі су көлігіндегі әлеуметтік мәні бар залалды маршруттардың тізбесі бекітілсін.
2 2. Орал қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары-мемлекеттік- құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы (М.Умралеев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Ғ.Ғ. Орынғалиевқа жүктелсін.
5 Орал қаласы әкімдігінің
2015 жылғы «30» сәуірдегі
№1371 қаулысына
қосымша
Орал қаласы бойынша 2015 жылы субсидиялауға жататын ішкі су көлігіндегі әлеуметтік мәні бар залалды маршруттардың тізбесі
№
Маршруттардың атауы
1
Орал қаласы - «Учужный затон» бау-бақша серіктестігі
2
Орал қаласы – «Барбастау» бау-бақша серіктестігі