О некоторых вопросах бюджетных инвестиционных и концессионных проектов на 2015 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О некоторых вопросах бюджетных инвестиционных и концессионных проектов на 2015 год
- Атауы (қаз.)
- 2015 жылға арналған бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың кейбір мәселелері туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 12
- Қабылданған күні
- 13.05.2015
- Көрсетілген редакция
- 08.12.2015 89902_60637.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 08.12.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15L0004995
- ЭКБ идентификаторы
- 89902
- Редакция идентификаторы
- 89902_60637
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 15:05
0 2015 жылға арналған бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың кейбір мәселелері туралы
«Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Кодексіне сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Қоса беріліп отырған бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін және концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ оған қажетті сараптамаларды жүргізуді, концессиялық жобаларды консультациялық қолдауды қаржыландыру «Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2015 жылға арналған 003 «Жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін және концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамаларын жүргізу, концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеу» бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың Тізбесі бекітілсін.
2
2. «Бюджеттік инвестициялық жобалардың кейбір мәселелері туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 874 қаулысы күші жойылды деп танылсын (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4935 санымен тіркелген, облыстық «Сыр бойы» және «Кызылординские вести» газеттерінде 2015 жылдың 14 сәуірінде жарияланған).
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Н.Н. Годуноваға жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
5 Қызылорда облысы әкімдігінің
2015 жылғы 13 мамырдағы № 12
қаулысымен бекітілген
Бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін және концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ оған қажетті сараптамаларды жүргізуді, концессиялық жобаларды консультациялық қолдауды қаржыландыру «Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2015 жылға арналған 003 «Жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін және концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамаларын жүргізу, концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеу» бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың Тізбесі
№
Жобаның атауы
Бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеуді немесе түзетуді қаржыландыру, сондай-ақ
қажетті сараптамалар жүргізу көлемі,
мың теңге
Концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негiздемелерін әзірлеуді немесе түзетуді қаржыландыру, сондай-ақ
қажетті сараптамалар жүргізу көлемі,
мың теңге
Концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеуді немесе түзетуді қаржыландыру, сондай-ақ
қажетті сараптамалар жүргізу көлемі,
мың теңге
Концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеуді қаржыландыру көлемі,
мың теңге
1
2
3
4
5
6
1. «Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі
1
Қызылорда қаласының көпқабатты тұрғын үйлердің инженерлік жүйелерін қайта жаңғырту. Ыстық сумен қамтудың ашық жүйесі
44 256
2
Қызылорда қаласы Сырдария өзенінің сол жақ жағалауындағы газ тарату желілерінің құрылысы
45 639
3
Қызылорда қаласы Сырдария өзенінің сол жақ жағалауын жылумен жабдықтау
96 700
4
Қызылорда қаласындағы Сырдария өзенінің сол жақ жағалауын электрмен қамту
36 990
2. «Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі
1
Қызылорда бекетінен 8 шақырым қашықтықтағы Қызылорда қаласы Титов қыстағындағы индустриялық аймақтық темір жол түйығының құрылысы
8 931
2
Қызылорда қаласындағы «Қорқыт Ата» әуежайының жаңа жолаушылар терминалын салу
11 536
3. «Қызылорда облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі
1
Қызылорда қаласы СПМК-70 ауданындағы 200 орындық жатақханасы бар 600 орынға арналған кәсіптік-техникалық лицей құрылысы
21 794
2
Қызылорда облысының білім беру жүйесін жетілдіру
15 836
4. «Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі
1
Қызылорда қаласындағы 500 келушіге арналған емхана құрылысы
21 794
5. «Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі
1
Қызылорда қаласында машина жасау зауытын құру
938