Құжат мәтініне өту

Об установлении видов субсидируемых удобрений и норм субсидий на 2015 год

Қаулы · № 134 · қабылданған 08.05.2015
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2015-ekb-90131/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об установлении видов субсидируемых удобрений и норм субсидий на 2015 год Қолданыста Қаулы ·№ 134 ·08.05.2015
08.05.2015 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.05.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении видов субсидируемых удобрений и норм субсидий на 2015 год

Қолданыста Қаулы ·№ 134 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении видов субсидируемых удобрений и норм субсидий на 2015 год
Атауы (қаз.)
2015 жылға арналған субсидияланатын тыңайтқыштар түрлерін және субсидиялардың нормаларын белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
134
Қабылданған күні
08.05.2015
Көрсетілген редакция
08.05.2015 90131_11922.kaz
Соңғы өзгеріс
08.05.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15T0003214
ЭКБ идентификаторы
90131
Редакция идентификаторы
90131_11922
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 15:07

0 2015 жылға арналған

субсидияланатын тыңайтқыштар
түрлерін және субсидиялардың
нормаларын белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27 – бабы 1 – тармағының 5) тармақшасына, 37 – бабына, «Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 мамырдағы №574 қаулысымен бекітілген Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидасының 7 – тармағына сәйкес Атырау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. 2015 жылға арналған субсидияланатын тыңайтқыштардың түрлері мен субсидиялардың нормалары:

1 1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес отандық тыңайтқыш өндірушілер өткізген

тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литрiне, килограмына);

2 2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес тыңайтқыштар берушіден және (немесе) шетелдік тыңайтқыш өндірушілерден сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне, килограмына) белгіленсін.

2 2. «Атырау облысы Ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Ғ.И. Дүйсембаевқа жүктелсін.

4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
____________ А. Мамытбеков
2015 жылғы «8» мамыр

7 Атырау облысы әкімдігінің

2015 жылғы 8 мамырдағы
№134 қаулысына
1-қосымша
2015 жылға арналған субсидияланатын тыңайтқыштардың түрлері
және отандық өндiрушiлер өткізген тыңайтқыштардың 1 тоннасына
(литрiне, килограмына) субсидиялардың нормалары

р/с
Субсидияланатын тыңайтқыштардың түрлері
Өлшем бірлігі
Бір бірлік құнын арзандату пайызы
Бір бірлікке субсидиялардың нормалары,
теңге
1
Аммиак селитрасы
(N- 34,4 %)
тонна
50
28 900
2
Аммофос
(N- 10 %; P2О5 – 46 %)
тонна
50
45 000
3
Кальций нитраты YaraLiva Calcinit
тонна
50
89 000

8 Атырау облысы әкімдігінің

2015 жылғы 8 мамырдағы
№134 қаулысына
2-қосымша
2015 жылға арналған субсидияланатын тыңайтқыштардың түрлері,
тыңайтқыштар берушіден және (немесе) шетелдік тыңайтқыш өндiрушiлерден сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литрiне, килограмына) субсидиялардың нормалары

р/с
Субсидияланатын тыңайтқыштардың түрлері
Өлшем бірлігі
Бір бірлік құнын арзандату пайызы
Бір бірлікке субсидиялардың нормалары,
теңге
1
Аммиак селитрасы
(N- 34,4 %)
тонна
30
20 700
2
Кristа MКР (монокалий фосфат)
тонна
30
159 000
3
Кristа MАG (магний нитраты)
тонна
30
69 300
4
Кristа K Plus (калий нитраты)
тонна
30
102 600
5
Кristа MgS (магний сульфаты)
тонна
30
53 700
6
Калий сульфаты (Кristа SOP)
тонна
30
80 400

Қолданыстағы