Об определении размеров предоставления мер социальной поддержки специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Жаксынского района на 2015 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении размеров предоставления мер социальной поддержки специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Жаксынского района на 2015 год
- Атауы (қаз.)
- 2015 жылға арналған Жақсы ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 5ВС-39-3
- Қабылданған күні
- 05.05.2015
- Көрсетілген редакция
- 05.05.2015 90180_57627.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.05.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15BM004811
- ЭКБ идентификаторы
- 90180
- Редакция идентификаторы
- 90180_57627
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 15:09
0 2015 жылға арналған Жақсы
ауданының ауылдық елді
мекендерге жұмыс істеу және
тұру үшін келген денсаулық
сақтау, білім беру, әлеуметтік
қамсыздандыру, мәдениет, спорт
және агроөнеркәсіптік кешен
саласындағы мамандарға әлеуметтік
қолдау шараларын ұсыну мөлшерін
айқындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы Заңының 6 бабына, «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 99 қаулысына сәйкес, Жақсы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1 1. 2015 жылға арналған Жақсы ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшері:
1 1) жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;
2 2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау – бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит болып айқындалсын.
2 2. Осы шешім Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛГЕН
Жақсы ауданының әкімі
Қ. Сүйіндіков
2015 жыл «5» 05