Құжат мәтініне өту

О распределении объемов импортной квоты на ввоз зерноуборочных комбайнов и модулей зерноуборочных комбайнов между историческими покупателями на 2015 год

Бұйрық · № 400 · қабылданған 21.05.2015
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2015-ekb-90256/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О распределении объемов импортной квоты на ввоз зерноуборочных комбайнов и модулей зерноуборочных комбайнов между историческими покупателями на 2015 год Қолданыста Бұйрық ·№ 400 ·21.05.2015
21.05.2015 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.05.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О распределении объемов импортной квоты на ввоз зерноуборочных комбайнов и модулей зерноуборочных комбайнов между историческими покупателями на 2015 год

Қолданыста Бұйрық ·№ 400 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О распределении объемов импортной квоты на ввоз зерноуборочных комбайнов и модулей зерноуборочных комбайнов между историческими покупателями на 2015 год
Атауы (қаз.)
Тарихи сатып алушылар арасында астық жинау комбайндары мен астық жинау комбайндарының модульдерін әкелуге 2015 жылға арналған импорттық квота көлемдерін бөлу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
400
Қабылданған күні
21.05.2015
Көрсетілген редакция
21.05.2015 90256_39730.kaz
Соңғы өзгеріс
21.05.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1500011166
ЭКБ идентификаторы
90256
Редакция идентификаторы
90256_39730
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 15:01

0 Тарихи сатып алушылар арасында астық жинау комбайндары мен астық жинау комбайндарының модульдерін әкелуге 2015 жылға арналған импорттық квота көлемдерін бөлу туралы

«Қазақстан Республикасының аумағына астық жинау комбайндары мен астық жинау комбайндарының модульдерін әкелудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 маусымдағы № 616 қаулысымен бекітілген Астық жинау комбайндары мен астық жинау комбайндарының модульдерін әкелуге арналған импорттық квота көлемдерін сыртқы сауда қызметіне қатысушылар арасында бөлу қағидаларының 14-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған тарихи сатып алушылар арасында астық жинау комбайндары мен астық жинау комбайндарының модульдерін әкелуге 2015 жылға арналған импорттық квота көлемдерін бөлу бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономикалық министрлігінің Сауда қызметін реттеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық–құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
______________ А. Мамытбеков
2015 жылғы 21 мамыр

0 Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 21 мамыр
№ 400 бұйрығымен бекітілген
Тарихи сатып алушылар арасында астық жинау комбайндары
мен астық жинау комбайндарының модульдерін әкелуге 2015 жылға
арналған импорттық квота көлемдерін бөлу туралы
Р/с

СЭҚ қатысушысы
ЖСН/БСН
Әкелінген тауар саны, дана
Есептік кезеңде жалпы әкелу көлеміндегі СЭҚ қатысушысының тауар әкелу үлесі, %-бен
Өтінім берілген тауар саны,
дана
Есептелген импорттық квота көлемі,
дана
Барлығы
Соның ішінде:
2012
жыл
2013 жыл
2014
жыл
1
«ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамы
991240000043
210
47
57
106
75,8
100
100
2
«ТехноЛизинг» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
100840004834
66
8
41
17
23,8
33
33
3
«Канди Алматы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
970940002900
1
1
0
0
0,4
4
4
БАРЛЫҒЫ
277
56
98
123
100
137
137

Қолданыстағы