Құжат мәтініне өту

О предоставлении в 2015 году мер социальной поддержки специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Тимирязевского района

Өзге акт · № 36/3 · қабылданған 04.05.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2015-ekb-90400/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
О предоставлении в 2015 году мер социальной поддержки специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Тимирязевского района Күшін жойған Өзге акт ·№ 36/3 ·04.05.2015
25.12.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.12.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О предоставлении в 2015 году мер социальной поддержки специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Тимирязевского района

Күшін жойған Өзге акт ·№ 36/3 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О предоставлении в 2015 году мер социальной поддержки специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Тимирязевского района
Атауы (қаз.)
Тимирязев ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға 2015 жылы әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
36/3
Қабылданған күні
04.05.2015
Көрсетілген редакция
25.12.2015 90400_72583.kaz
Соңғы өзгеріс
25.12.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15SL003267
ЭКБ идентификаторы
90400
Редакция идентификаторы
90400_72583
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 15:11

0 Тимирязев ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға 2015 жылы әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына, «Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18-бабы 8-тармағына, «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысына, «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығымен бекітілген Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қағидаларының 4-тармағына сәйкес, Тимирязев аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1 1. Аудан әкімімен айтылған қажеттіліктерді есепке ала отырып, Тимирязев ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға берілсін:

1 1) жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;

2 2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау – бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит.

2 2. Осы шешімнің 1 тармағының 1), 2) тармақшаларының қолданылуы ветеринария саласында қызмет атқаратын ветеринарлық пункттердің ветеринар мамандарына қатысты.

3

3. «Тимирязев ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына 2015 жылы әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы» аудандық мәслихат сессиясының 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 32/3 шешімінің күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 16 қаңтарда № 3067 болып тіркелген, 2015 жылы 24 қаңтарда «Көтерілген тың» аудандық газетінде жарияланған, 2015 жылғы 24 қаңтарда «Нива» аудандық газетінде жарияланған).

4 4. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы