Об установлении объемов субсидий по районам и городу Уральск (в зависимости от прогнозной структуры посевных площадей) на 2015 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении объемов субсидий по районам и городу Уральск (в зависимости от прогнозной структуры посевных площадей) на 2015 год
- Атауы (қаз.)
- 2015 жылға арналған аудандар және Орал қаласы бойынша субсидиялар көлемін (егіс алқаптарының болжамды құрылымына қарай) белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 115
- Қабылданған күні
- 05.05.2015
- Көрсетілген редакция
- 09.02.2016 90401_154830.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 09.02.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15Z0003929
- ЭКБ идентификаторы
- 90401
- Редакция идентификаторы
- 90401_154830
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 15:10
0 2015
жылға арналған аудандар және Орал қаласы бойынша субсидиялар көлемін (егіс алқаптарының болжамды құрылымына қарай) белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа ала отырып, «Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы №4-2/664 бұйрығына сәйкес, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2015 жылға арналған аудандар және Орал қаласы бойынша субсидиялар көлемі (егіс алқаптарының болжамды құрылымына қарай) белгіленсін.
2. «Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі, аудандар мен Орал қаласы әкімдері осы қаулыны іске асыру бойынша қажетті шараларды алсын.
3. «Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (М.К. Оңғарбеков) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары А.К.Өтеғұловқа жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
6 2015 жылғы «5» мамырдағы №115
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысына қосымша
2015 жылға арналған аудандар және Орал қаласы бойынша
субсидиялар көлемі (егіс алқаптарының болжамды құрылымына қарай)
№
Аудандар (қала)
Субсидия көлемі,
теңге
1
Бөрлі
130 464
2
Зеленов
2 209 658
3
Тасқала
43 488
4
Теректі
468 491
5
Орал қаласы
9 425
Облыс бойынша жиыны
2 861 526