Об установлении перечня приоритетных сельскохозяйственных культур и нормы субсидий на 2015 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении перечня приоритетных сельскохозяйственных культур и нормы субсидий на 2015 год
- Атауы (қаз.)
- 2015 жылға арналған басым ауыл шаруашылығы дақылдардың тізбесін және субсидиялар нормаларын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 228
- Қабылданған күні
- 25.05.2015
- Көрсетілген редакция
- 09.10.2015 90498_276410.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 09.10.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15D0003195
- ЭКБ идентификаторы
- 90498
- Редакция идентификаторы
- 90498_276410
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 14:59
0 2015 жылға арналған басым
ауыл шаруашылығы дақылдардың
тізбесін және субсидиялар
нормаларын белгілеу туралы
«Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына және «Басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауылшаруашылық дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» 2014 жылғы 29 мамырдағы № 575 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Қағидаларының 8-тармағына сәйкес Алматы облысының әкімдігі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Мыналар:
Алматы облысы бойынша 2015 жылға арналған басым ауыл шаруашылығы дақылдардың тізбесі осы қаулының 1- қосымшасына сәйкес;
2015 жылға арналған басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы жанар-жағармай материалдары мен көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормалары осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2 2. «Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Е. Шинтуринов) субсидиялауды қаржыландыруды жергілікті бюджеттен жүзеге асырсын.
3
3. Алматы облысы әкімдігінің 2014 жылғы 30 шілдедегі «2014 жылға арналған басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау туралы» № 277 (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2014 жылғы 12 тамызда № 2806 тіркелген және 2014 жылғы 14 тамыздағы «Жетісу» мен «Огни Алатау» газеттерінің № 94 жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
4
4. «Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысына осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген интернет – ресурста және облыс әкімдігінің интернет – ресурсында жариялау жүктелсін.
5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С. Бескемпіровке жүктелсін.
6 6. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
2015 жылғы « __ » ____
7 Облыс әкімдігінің 2015 жылғы
«25» мамыр «2015 жылға арналған
басым ауыл шаруашылығы
дақылдардың тізбесін және
субсидиялар нормаларын белгілеу
туралы» № 228 қаулысына 1-қосымша
Алматы облысы бойынша 2015 жылға арналған басым ауыл шаруашылығы дақылдардың тізбесі
№ р/с
Басым ауыл шаруашылығы дақылдардың атауы
1
Күздік бидай
2
Арпа
3
Дәндік жүгері
4
Күріш
5
Майлы дақылдар
6
Қант қызылшасы
7
Картоп
8
Көкөніс және бақша
9
Жабық топырақтағы көкөністер
10
Жемшөптік дақылдар
11
Бұршақ тұқымдас көпжылдық шөптер бірінші, екінші және үшінші өсіру жылдарына
12
Шабындық және (немесе) жайылымдық алқаптарды шөп егіп жаңарту және (немесе) түпкілікті жақсарту үшін бірінші,екінші және үшінші жылдары өсіп жатқан көпжылдық шөптер бойынша (көпжылдық шөптердің көнежастағы егістігін жырту ғана ескеріледі)
13
Сүрлемдік жүгері және күнбағыс
8 Облыс әкімдігінің 2015 жылғы
«25» мамыр «2015 жылға арналған
басым ауыл шаруашылығы
дақылдардың тізбесін және
субсидиялар нормаларын белгілеу
туралы» № 228 қаулысына
2 - қосымша
2015 жылға арналған басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы жанар-жағармай материалдары мен көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға субсидиялар нормалары
№
р/с
Басым ауыл шаруашылығы дақылдардың атауы
1 гектарға арналған
бюджеттік субсидиялар нормалары, теңге
1 тоннаға арналған бюджеттік субсидияның нормасы, теңге
1
Күздік бидай
1200
2
Арпа
2400
3
Дәндік жүгері
30000
4
Күріш
17000
5
Майлы дақылдар, соның ішінде:
5.1
майбұршақ
4500
5.2
күнбағыс
4500
5.3
мақсары
4500
6
Қант қызылшасы
30000
1500
7
Картоп
17000
8
Картоп (өнеркәсіптік үлгідегі тамшылатып суару жүйесін қолданып өсірілген)
34000
9
Көкөніс-бақша
15000
10
Көкөніс-бақша (өнеркәсіп үлгідегі тамшылатып суару жүйесін қолданып өсірілген)
30000
11
Жемшөптік дақылдар
6500
12
Бұршақ тұқымдас көпжылдық шөптер бірінші, екінші және үшінші өсіру жылдарындағы
6500
13
Шабындық және (немесе) жайылымдық алқаптарды шөп егіп жаңарту және (немесе) түпкілікті жақсарту үшін бірінші, екінші және үшінші жылдары өсіп жатқан көпжылдық шөптер бойынша (көпжылдық шөптердің көнежастағы егістігін жырту ғана ескеріледі)
6500
14
Сүрлемдік жүгері және күнбағыс
6500
15
Өнеркәсіп жылыжай кешенінде өсірілген жабық топырақтағы көкөністер (1 дақыл айналымына)
3000000
16
Фермерлік жылыжайда өсірілген жабық топырақтағы көкөністер (1 дақыл айналымына)
2700000