Об определении объемов субсидий по подаче воды сельскохозяйственным товаропроизводителям на 2015 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении объемов субсидий по подаче воды сельскохозяйственным товаропроизводителям на 2015 год
- Атауы (қаз.)
- Ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге су беру жөніндегі 2015 жылға арналған субсидия көлемдерін анықтау туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 3
- Қабылданған күні
- 26.05.2015
- Көрсетілген редакция
- 26.05.2015 90858_72544.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.05.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15P0004536
- ЭКБ идентификаторы
- 90858
- Редакция идентификаторы
- 90858_72544
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 14:57
0 Ауыл шаруашылығы тауарын
өндiрушiлерге су беру жөніндегі
2015 жылға арналған субсидия
көлемдерін анықтау туралы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 4 сәуiрдегi № 237 қаулысымен бекітілген Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау ережесінің 8-тармағына сәйкес ШЕШІМ қабылдаймын:
1 1. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру жөніндегі субсидия көлемдері осы шешімнің қосымшасына сәйкес анықталсын.
2
2. Павлодар облысы әкімінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 16 мамырдағы «Павлодар облысының аудандары мен қалаларына ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге су беру жөніндегі субсидия көлемдерін анықтау туралы» № 3 шешімінің күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3838 болып тіркелді, 2014 жылғы 1 мамырда «Сарыарқа самалы», «Звезда Прииртышья» газеттерінде жарияланды).
3 3. «Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуінен кейін он күнтізбелік күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
осы шешімнің Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4 4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5 5. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
6 Ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге су беру жөнiндегi 2015 жылға арналған субсидия көлемдері
Павлодар облысы әкімінің
2015 жылғы 26 мамыр
№ 3 шешіміне қосымша
Ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге су беру жөнiндегi
2015 жылға арналған субсидия көлемдері
Р/с №
Аудандар мен қалалар атауы
Суару түрлері бойынша критерийлер
1 текше метрге субсидиялар көлемі
(бекітілген тарифке %-бен)
Төленуі тиіс субсидия көлемі,
(теңге)
1
2
3
4
5
1
Ақсу қаласы
Механикалық көтерумен жаңбырлату.
Екі жақты механикалық су көтергіш
70
80
129000000
2
Павлодар ауданы
Механикалық көтерумен жаңбырлату
70
44000000
3
Екібастұз қаласы
Екі жақты механикалық су көтергіш
80
27000000
Жиыны
200000000