Об определении объемов субсидий по подаче воды сельскохозяйственным товаропроизводителям на 2015 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении объемов субсидий по подаче воды сельскохозяйственным товаропроизводителям на 2015 год
- Атауы (қаз.)
- Ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге су беру жөніндегі 2015 жылға арналған субсидия көлемдерін анықтау туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 3
- Қабылданған күні
- 26.05.2015
- Көрсетілген редакция
- 26.05.2015 90858_72544.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.05.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15P0004536
- ЭКБ идентификаторы
- 90858
- Редакция идентификаторы
- 90858_72544
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 14:57
0 Ауыл шаруашылығы тауарын
өндiрушiлерге су беру жөніндегі
2015 жылға арналған субсидия
көлемдерін анықтау туралы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 4 сәуiрдегi № 237 қаулысымен бекітілген Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау ережесінің 8-тармағына сәйкес ШЕШІМ қабылдаймын:
1. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру жөніндегі субсидия көлемдері осы шешімнің қосымшасына сәйкес анықталсын.
2. Павлодар облысы әкімінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 16 мамырдағы «Павлодар облысының аудандары мен қалаларына ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге су беру жөніндегі субсидия көлемдерін анықтау туралы» № 3 шешімінің күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3838 болып тіркелді, 2014 жылғы 1 мамырда «Сарыарқа самалы», «Звезда Прииртышья» газеттерінде жарияланды).
3. «Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуінен кейін он күнтізбелік күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
осы шешімнің Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
6 Ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге су беру жөнiндегi 2015 жылға арналған субсидия көлемдері
Павлодар облысы әкімінің
2015 жылғы 26 мамыр
№ 3 шешіміне қосымша
Ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге су беру жөнiндегi
2015 жылға арналған субсидия көлемдері
Р/с №
Аудандар мен қалалар атауы
Суару түрлері бойынша критерийлер
1 текше метрге субсидиялар көлемі
(бекітілген тарифке %-бен)
Төленуі тиіс субсидия көлемі,
(теңге)
1
2
3
4
5
1
Ақсу қаласы
Механикалық көтерумен жаңбырлату.
Екі жақты механикалық су көтергіш
70
80
129000000
2
Павлодар ауданы
Механикалық көтерумен жаңбырлату
70
44000000
3
Екібастұз қаласы
Екі жақты механикалық су көтергіш
80
27000000
Жиыны
200000000