Құжат мәтініне өту

Об определении оптимальных сроков сева по каждому виду субсидируемых приоритетных сельскохозяйственных культур на 2015 год

Қаулы · № 171 · қабылданған 26.06.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 27.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2015-ekb-91205/on/2026-08-27/
Басып шығарылды 2026-08-27 · adilet.kz
Об определении оптимальных сроков сева по каждому виду субсидируемых приоритетных сельскохозяйственных культур на 2015 год Күшін жойған Қаулы ·№ 171 ·26.06.2015
05.10.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
27.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.10.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении оптимальных сроков сева по каждому виду субсидируемых приоритетных сельскохозяйственных культур на 2015 год

Күшін жойған Қаулы ·№ 171 · 27.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении оптимальных сроков сева по каждому виду субсидируемых приоритетных сельскохозяйственных культур на 2015 год
Атауы (қаз.)
2015 жылға арналған субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзімдерін айқындау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
171
Қабылданған күні
26.06.2015
Көрсетілген редакция
05.10.2015 91205_113476.kaz
Соңғы өзгеріс
05.10.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15NP005716
ЭКБ идентификаторы
91205
Редакция идентификаторы
91205_113476
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 14:23

0 2015 жылға арналған субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзімдерін айқындау туралы

Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 бұйрығымен бекітілген Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларының 10-тармағына сәйкес және «Қостанай ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2015 жылғы 26 мамырдағы № 1- 13 ұсынысына сәйкес Науырзым ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. 2015 жылға арналған субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзімдері осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.Қ. Ормановқа жүктелсін.

3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2015 жылғы 10 наурыздан бастап туындаған іс-әрекеттерге таратылады.

4 Ауданы әкімдігінің

2015 жылғы «26» маусымдағы
№ 171 қаулысына қосымша
2015 жылға арналған субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзімдері
Басым ауыл шаруашылығы
дақылдарының тізбесі
Оңтайлы себу мерзімдері
Жаздық бидай
2015 жылғы 15 мамырдан 12 маусымға дейін
Күздік бидай
2015 жылғы 25 тамыздан 10 қыркүйекке дейін
Жаздық қатты бидай
2015 жылғы 18 мамырдан 05 маусымға дейін
Сұлы
2015 жылғы 15 мамырдан 15 маусымға дейін
Арпа
2015 жылғы 15 мамырдан 15 маусымға дейін
Тары
2015 жылғы 20 мамырдан 15 маусымға дейін
Қарақұмық
2015 жылғы 20 мамырдан 15 маусымға дейін
Күздік қара бидай
2015 жылғы 25 тамыздан 10 қыркүйекке дейін
Бұршақтұқымдас дақылдар
2015 жылғы 15 мамырдан 10 маусымға дейін
Күнбағыс
2015 жылғы 10 мамырдан 05 маусымға дейін
Рапс
2015 жылғы 20 мамырдан 08 маусымға дейін
Зығыр
2015 жылғы 12 мамырдан 05 маусымға дейін
Мақсары
2015 жылғы 10 мамырдан 02 маусымға дейін
Қыша
2015 жылғы 22 мамырдан 08 маусымға дейін
Арыш (жаздық)
2015 жылғы 18 мамырдан 08 маусымға дейін
Арыш (күздік)
2015 жылғы 25 тамыздан 10 қыркүйекке дейін
Қытай бұршақ (соя)
2015 жылғы 18 мамырдан 05 маусымға дейін
Картоп
2015 жылғы 05 мамырдан 10 маусымға дейін
Көкөнiстер
2015 жылғы 25 сәуірден 15 маусымға дейін
Көкөнiстер (барлық түрдегі
жылыжайларда топырақтың
қорғалған жағдайларында,
2 дақыл айналымы)
2015 жылғы 10 наурыздан 30 наурызға дейін
Бақша дақылдары
2015 жылғы 25 сәуірден 10 маусымға дейін
Жемшөптік дақылдар, оның ішінде
бірінші,екінші және үшінші
өсу
жылдарындағы
бұршақ тұқымдас
көпжылдық шөптер
бірінші мерзім - 2015 жылғы 1 мамырдан 10 маусымға дейін
екінші мерзім – 2015 жылғы 05 шілдеден 31 тамызға дейін
Шабындық және (немесе) жайылымдық
алқаптарды шөп егіп жаңарту және
(немесе түпкілікті жақсарту) үшін бірінші,
екінші және үшінші жылдары өсіп жатқан
көп жылдық шөптер
бірінші мерзім - 2015 жылғы 1 мамырдан 10 маусымға дейін
екінші мерзім – 2015 жылғы 05 шілдеден 31 тамызға дейін
Сүрлемдік жүгері мен күнбағыс
2015 жылғы 15 мамырдан 05 маусымға дейін
Сүрлемдік жүгері
2015 жылғы 15 мамырдан 05 маусымға дейін

Қолданыстағы