Об определении сроков предоставления заявки на получение субсидий и оптимальных сроков сева приоритетных сельскохозяйственных культур на 2015 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении сроков предоставления заявки на получение субсидий и оптимальных сроков сева приоритетных сельскохозяйственных культур на 2015 год
- Атауы (қаз.)
- 2015 жылға субсидиялар алуға арналған өтінімді ұсыну мерзімдерін және басым ауыл шаруашылығы дақылдарының оңтайлы себу мерзімдерін айқындау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 154
- Қабылданған күні
- 10.07.2015
- Көрсетілген редакция
- 10.07.2015 91923_17935.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.07.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15NO005760
- ЭКБ идентификаторы
- 91923
- Редакция идентификаторы
- 91923_17935
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 14:10
0 2015 жылға субсидиялар алуға арналған өтінімді ұсыну мерзімдерін және басым ауыл шаруашылығы дақылдарының оңтайлы себу мерзімдерін айқындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 бұйрығымен бекітілген Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және басым ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларының 10-тармағына сәйкес, «Қостанай ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басым ауыл шаруашылығы дақылдарының ұсынылатын оңтайлы себу мерзімдері туралы 2015 жылғы 26 мамырдағы № 1-137 хаты негізінде Меңдіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді тізімге қосу үшін өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнына субсидиялар алуға арналған өтінімді ұсыну мерзімдері 2015 жылғы 29 маусымнан бастап 7 шілдеге дейін айқындалсын.
2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2015 жылға арналған субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзімдері айқындалсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ. Ә. Садуақасовқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2015 жылғы 25 сәуірден бастап туындағын қатынастарға таратылады.
5 Әкімдіктің
2015 жылғы «10» шілдедегі
№ 154 қаулысына қосымша
Субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзімдерін
Субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының түрі
Оңтайлы себу мерзімдері
жаздық бидай
15 мамырдан 12 маусымға дейін;
күздік бидай
25 тамыздан 10 қыркүйекке дейін;
жаздық қатты бидай
18 мамырдан 05 маусымға дейін;
сұлы
15 мамырдан 15 маусымға дейін;
арпа
15 мамырдан 15 маусымға дейін;
тары
20 мамырдан 15 маусымға дейін;
қарақұмық
20 мамырдан 15 маусымға дейін;
күздік қара бидай
25 тамыздан 10 қыркүйекке дейін;
бұршақтұқымдас дақылдар
15 мамырдан 10 маусымға дейін;
күнбағыс
10 мамырдан 05 маусымға дейін;
рапс
20 мамырдан 08 маусымға дейін;
зығыр
12 мамырдан 05 маусымға дейін;
мақсары
10 мамырдан 02 маусымға дейін;
қыша
22 мамырдан 08 маусымға дейін;
арыш
жаздық - 18 мамырдан 08 маусымға дейін, күздік – 25 тамыздан 10 қыркүйекке дейін;
қытай бұршақ (соя)
18 мамырдан 05 маусымға дейін;
картоп
05 мамырдан 10 маусымға дейін;
(тамшылатып суару)
көкөністер
25 сәуірден 15 маусымға дейін;
(тамшылатып суару)
бақша дақылдары
25 сәуірден 10 маусымға дейін;
сүрлемдік жүгері мен күнбағыс
15 мамырдан 05 маусымға дейін;
сүрлемдік жүгері
15 мамырдан 05 маусымға дейін;
(суаруға)
жемшөптік дақылдар, оның ішінде бірінші, екінші және үшінші өсу жылдарындағы бұршақ тұқымдас көпжылдық шөптер
бірінші мерзім - 01 мамырдан
10 маусымға дейін, екінші мерзім – 05 шілдеден 31 тамызға дейін; (суаруға)
шабындық және (немесе) жайылымдық алқаптарды шөп егіп жаңарту және (немесе түпкілікті жақсарту) үшін бірінші, екінші және үшінші жылдары өсіп жатқан көпжылдық шөптер
бірінші мерзім - 01 мамырдан
10 маусымға дейін, екінші мерзім – 05 шілдеден 31 тамызға дейін.