Об определении сроков предоставления заявок на включение в список получателей субсидий и оптимальных сроков сева по каждому виду субсидируемых сельскохозяйственных культур по Есильскому району на 2015 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении сроков предоставления заявок на включение в список получателей субсидий и оптимальных сроков сева по каждому виду субсидируемых сельскохозяйственных культур по Есильскому району на 2015 год
- Атауы (қаз.)
- Субсидия алушылардың тізіміне енгізуге мәлімдеме берудің мерзімдерін және 2015 жылға Есіл ауданы бойынша субсидия берілетін ауылшаруашылығы дақылдарының әр түрі бойынша себудің қолайлы мерзімдерін анықтау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- а-6/247
- Қабылданған күні
- 09.06.2015
- Көрсетілген редакция
- 09.06.2015 91954_17485.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 09.06.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15BK004887
- ЭКБ идентификаторы
- 91954
- Редакция идентификаторы
- 91954_17485
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 14:41
0 Субсидия алушылардың
тізіміне енгізуге мәлімдеме
берудің мерзімдерін және
2015 жылға Есіл ауданы
бойынша субсидия берілетін
ауылшаруашылығы
дақылдарының әр түрі бойынша
себудің қолайлы мерзімдерін
анықтау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес және «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңын орындау барысында, «А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығының ғылыми-өндірістік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2015 жылғы 26 мамырдағы № 316 ұсынысының негізінде, Есіл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Субсидия алушылардың тізіміне енгізуге мәлімдеме берудің мерзімдерін және 2015 жылға Есіл ауданы бойынша субсидия берілетін ауылшаруашылығы дақылдарының әр түрі бойынша себудің қолайлы мерзімдері қосымшаға сәйкес анықталсын.
2 2. Есіл ауданы әкімдігінің осы қаулысының орындалуын бақылау Есіл ауданы әкімінің орынбасары Г.Н. Сағнаевқа жүктелсін.
3 3. Есіл ауданы әкімдігінің осы қаулысы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі, 2015 жылдың 1 мамырынан басталған құқықтық қатынастарға таралады.
4 Есіл ауданы әкімдігінің
2015 жылғы «9» маусымдағы
№ а-6/247 қаулысына
қосымша
Субсидия алушылардың тізіміне енгізуге мәлімдеме берудің мерзімдері және 2015 жылға Есіл ауданы бойынша субсидия берілетін ауылшаруашылығы дақылдарының әр түрі бойынша себудің қолайлы мерзімдері
Рет №
Басымдық ауылшаруашылығы дақылдарының атаулары
Ауылшаруашылығы дақылдарын
себудің қолайлы мерзімдері
Субсидия алушылардың тізіміне енгізуге мәлімдеме берудің мерзімдері
1.
Жаздық жұмсақ бидай
14 мамырдан 5 маусымға дейін
6 маусымға дейін
2.
Жаздық қатты бидай
18 мамырдан 29 мамырға дейін
30 мамырға дейін
3.
Жаздық арпа
25 мамырдан 7 маусымға дейін
8 маусымға дейін
4.
Сұлы
25 мамырдан 7 маусымға дейін
8 маусымға дейін
5.
Қарақұмық
18 мамырдан 30 маусымға дейін
31 мамырға дейін
6.
Бұршақ
18 мамырдан 31 мамырға дейін
1 маусымға дейін
7.
Ноқат
7 мамырдан 25 мамырға дейін
26 мамырға дейін
8.
Майлы тұқымға арналған күнбағыс
10 мамырдан 31 мамырға дейін
1 маусымға дейін
9.
Зығыр
18 мамырдан 31 мамырға дейін
1 маусымға дейін
10.
Қыша
18 мамырдан 31 мамырға дейін
1 маусымға дейін
11.
Мақсары
7 мамырдан 25 мамырға дейін
26 мамырға дейін
12.
Соя
19 мамырдан 28 мамырға дейін
29 мамырға дейін
13.
Сүрлеуге арналған жүгері, астық пішендемесі
10 мамырдан 31 мамырға дейін
1 маусымға дейін
14.
Тұқымға арналған судан шөбі
15 мамырдан 25 мамырға дейін
26 мамырға дейін
15.
Пішенге арналған судан шөбі, астық қоспасы
17 мамырдан 10 маусыға дейін
11 маусымға дейін
16.
Азықтық тары
17 мамырдан 10 маусыға дейін
11 маусымға дейін
17.
Жасыл азыққа арналған астық қоспасы
5 мамырдан 10 маусымға дейін
11 маусымға дейін
18.
Ағымдағы жылдың көпжылдық дәнді және бұршақты шөптері
1 мамырдан 17 мамырға дейін
18 мамырға дейін
19.
Картоп
9 мамырдан 10 маусымға дейін
11 мамырға дейін
20.
Көкөністер
5 мамырдан 10 маусымға дейін
11 маусымға дейін