Об определении сроков предоставления заявки на получение субсидий и оптимальных сроков сева субсидируемых приоритетных сельскохозяйственных культур по Тарановскому району в 2015 году
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении сроков предоставления заявки на получение субсидий и оптимальных сроков сева субсидируемых приоритетных сельскохозяйственных культур по Тарановскому району в 2015 году
- Атауы (қаз.)
- 2015 жылы Таран ауданы бойынша субсидиялар алуға арналған өтінімді ұсыну мерзімдерін және субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының оңтайлы себу мерзімдерін айқындау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 187
- Қабылданған күні
- 03.07.2015
- Көрсетілген редакция
- 03.07.2015 92073_20878.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.07.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15NR005766
- ЭКБ идентификаторы
- 92073
- Редакция идентификаторы
- 92073_20878
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 14:14
0 2015 жылы Таран ауданы бойынша субсидиялар алуға арналған өтінімді ұсыну мерзімдерін және субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының оңтайлы себу мерзімдерін айқындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м. а. 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 бұйрығымен бекітілген Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларының 10-тармағына сәйкес Таран ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. 2015 жылғы 9-нан 10 шілдеге дейін субсидиялар алуға арналған өтінімді ұсыну мерзімдері айқындалсын.
2 2. Қосымшаға сәйкес 2015 жылы Таран ауданы бойынша субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының оңтайлы себу мерзімдері айқындалсын.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р.М. Сейдахметовке жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2015 жылғы 25 сәуірден бастап туындаған қатынастарға таратылады.
5 Таран ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 3 шілдедегі
№ 187 қаулысына
қосымша
2015 жылы Таран ауданы бойынша субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарын оңтайлы себу мерзімдері
№ р/с
Субсидияланатын басым ауыл шаруашылық дақылдарының атауы
Себу мерзімдері
1
Жаздық бидай
15 мамырдан 12 маусымға дейін
2
Күздік бидай
25 тамыздан 10 қыркүйекке дейін
3
Жаздық қатты бидай
18 мамырдан 5 маусымға дейін
4
Күздік қарабидай
25 тамыздан 10 қыркүйекке дейін
5
Қарақұмық
20 мамырдан 15 маусымға дейін
6
Тары
20 мамырдан 15 маусымға дейін
7
Арпа
15 мамырдан 15 маусымға дейін
8
Сұлы
15 мамырдан 15 маусымға дейін
9
Дәнді-бұршақты дақылдар
15 мамырдан 10 маусымға дейін
10
Күнбағыс
10 мамырдан 5 маусымға дейін
11
Рапс
20 мамырдан 8 маусымға дейін
12
Зығыр
12 мамырдан 5 маусымға дейін
13
Мақсары
10 мамырдан 2 маусымға дейін
14
Қыша
22 мамырдан 8 маусымға дейін
15
Арыш
18 мамырдан 10 қыркүйекке дейін
16
Қытай бұршағы
18 мамырдан 5 маусымға дейін
17
Картоп
5 мамырдан 10 маусымға дейін
18
Көкөністер
25 сәуірден 15 маусымға дейін
19
Бақша дақылдары
25 сәуірден 10 маусымға дейін
20
Мал азықтық дақылдар, оның ішінде бірінші, екінші және үшінші өсіп жатқан көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптер
бірінші мерзім – 1 мамырдан
10 маусымға дейін,
екінші мерзім – 5 шілдеден
31 тамызға дейін
21
Шабындық және (немесе) жайылымдық алқаптарды шөп егіп жаңарту және (немесе түпкілікті жақсарту) үшін бірінші, екінші және үшінші жылдары өсіп жатқан көп жылдық шөптер
бірінші мерзім – 1 мамырдан
10 маусымға дейін,
екінші мерзім – 5 шілдеден
31 тамызға дейін
22
Сүрлемдік жүгері мен күнбағыс
15 мамырдан 5 маусымға дейін
23
Сүрлемдік жүгері
15 мамырдан 5 маусымға дейін