Об определении сроков предоставления заявки на получение субсидий и оптимальных сроков сева приоритетных сельскохозяйственных культур на 2015 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении сроков предоставления заявки на получение субсидий и оптимальных сроков сева приоритетных сельскохозяйственных культур на 2015 год
- Атауы (қаз.)
- 2015 жылға субсидиялар алуға арналған өтінімді ұсыну мерзімдерін және басым ауыл шаруашылығы дақылдарының оңтайлы себу мерзімдерін айқындау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 131
- Қабылданған күні
- 17.06.2015
- Көрсетілген редакция
- 17.06.2015 92113_86536.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.06.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15NE005762
- ЭКБ идентификаторы
- 92113
- Редакция идентификаторы
- 92113_86536
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 14:34
0 2015 жылға субсидия алуға арналған өтінімді ұсыну мерзімдерін және басым ауыл шаруашылығы дақылдарының оңтайлы себу мерзімдерін айқындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 бұйрығымен бекітілген Басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және басым ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларының 10 тармақтағына сәйкес, «Қостанай ауыл шаруашылығы ғылыми - зерттеу институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басым ауыл шаруашылығы дақылдарының ұсынылатын оңтайлы себу мерзімдері туралы 2015 жылғы 26 мамырдағы № 1-137 хаты негізінде Алтынсарин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді тізімге қосу үшін өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруға жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнына субсидиялар алуға арналған өтінімді ұсыну мерзімдері – 2015 жылғы 22 маусымнан бастап 30 маусымға дейін айқындалсын.
2 2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2015 жылға арналған субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзімдері айқындалсын.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.С. Алпысбаевқа жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2015 жылғы 25 сәуірден бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
5 Әкімдіктің
2015 жылғы «17» маусымдағы
№ 131 қаулысына қосымша
2015 жылға арналған субсидияланатын басым
ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі
бойынша оңтайлы себу мерзімдері
№
Ауыл шаруашылығы дақылдарының атауы
Себу мерзімдері
1
Жаздық бидай
15 мамырдан бастап 12 маусымға дейін
2
Жаздық қатты бидай
18 мамырдан бастап 5 маусымға дейін
3
Сұлы, арпа
15 мамырдан бастап 15 маусымға дейін
4
Тары, қарақұмық
20 мамырдан бастап 15 маусымға дейін
5
Бұршақ тұқымдас дақылдар
15 мамырдан бастап 10 маусымға дейін
6
Күнбағыс
10 мамырдан бастап 5 маусымға дейін
7
Рапс
20 мамырдан бастап 8 маусымға дейін
8
Зығыр
12 мамырдан бастап 5 маусымға дейін
9
Мақсары
10 мамырдан бастап 2 маусымға дейін
10
Сүрлемдік жүгері мен күнбағыс
15 мамырдан бастап 5 маусымға дейін
11
Жемшөптік дақылдар, оның ішінде бірінші, екінші және үшінші өсу жылдарындағы бұршақ тұқымдас көпжылдық шөптер
бірінші мерзім - 1 мамырдан бастап 10 маусымға дейін,
екінші мерзім - 5 шілдеден бастап 31 тамызға дейін
12
Шабындық және (немесе) жайылымдық алқаптарды шөп егіп жаңарту және (немесе түпкілікті жақсарту) үшін бірінші, екінші және үшінші жылдары өсіп жатқан көп жылдық шөптер
бірінші мерзім - 1 мамырдан бастап 10 маусымға дейін,
екінші мерзім - 5 шілдеден бастап 31 тамызға дейін