О предоставлении в 2015 году мер социальной поддержки специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Осакаровского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О предоставлении в 2015 году мер социальной поддержки специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Осакаровского района
- Атауы (қаз.)
- Осакаров ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға 2015 жылы әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 434
- Қабылданған күні
- 26.03.2015
- Көрсетілген редакция
- 26.03.2015 92115_16711.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.03.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15KO003152
- ЭКБ идентификаторы
- 92115
- Редакция идентификаторы
- 92115_16711
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 15:52
0 Осакаров ауданының
ауылдық елді мекендерге
жұмыс істеу және тұру үшін келген
денсаулық сақтау, білім беру,
әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет,
спорт және агроөнеркәсіптік кешен
саласындағы мамандарға 2015 жылы
әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну
туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы» қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1 1. 2015 жылы Осакаров ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтік қолдау шараларының келесі мөлшерлері ұсынылсын:
1 1) жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;
2 2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау - бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит.
2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау ауданның бюджет және әлеуметтік – экономикалық дамуы бойынша тұрақты комиссиясына (В.К. Эммерих) жүктелсін.
3 3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
Осакаров ауданының экономика
және қаржы бөлімінің басшысы
Е.Темиров
2015 жыл «26» наурыз