Құжат мәтініне өту

Об определении целевых групп населения и установлении дополнительного перечня лиц, относящихся к целевым группам, проживающих на территории Аккайынского района Северо-Казахстанской области на 2015 год

Қаулы · № 159 · қабылданған 29.06.2015
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2015-ekb-92152/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об определении целевых групп населения и установлении дополнительного перечня лиц, относящихся к целевым группам, проживающих на территории Аккайынского района Северо-Казахстанской области на 2015 год Қолданыста Қаулы ·№ 159 ·29.06.2015
29.06.2015 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.06.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении целевых групп населения и установлении дополнительного перечня лиц, относящихся к целевым группам, проживающих на территории Аккайынского района Северо-Казахстанской области на 2015 год

Қолданыста Қаулы ·№ 159 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении целевых групп населения и установлении дополнительного перечня лиц, относящихся к целевым группам, проживающих на территории Аккайынского района Северо-Казахстанской области на 2015 год
Атауы (қаз.)
2015 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарын анықтау және нысаналы топтарға жататын тұлғалардың қосымша тізімін белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
159
Қабылданған күні
29.06.2015
Көрсетілген редакция
29.06.2015 92152_16863.kaz
Соңғы өзгеріс
29.06.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15SB003324
ЭКБ идентификаторы
92152
Редакция идентификаторы
92152_16863
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 14:19

0 2015 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарын анықтау және нысаналы топтарға жататын тұлғалардың қосымша тізімін белгілеу туралы

«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5 бабының 2 тармағына, 7 бабының 2) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. 2015 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының аумағында тұратын халықтың нысаналы топтары анықталсын:

1 1) табысы аз адамдар;

2 2) жиырма бip жасқа дейінгі жастар;

3 3) балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;

4 4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;

5 5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімдi, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;

6 6) зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);

7 7) мүгедектер;

8 8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;

9 9) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;

10 10) оралмандар;

11 11) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер;

12 12) жұмыс беруші - заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші - жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар;

13 13) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар жатады;

14 14) терроризм актісінен жәбірленуші адамдар және оның жолын кесуге қатысқан адамдар.

2 2. Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы халқының нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізімі белгіленсін:

1 1) ұзақ уақыт бойы жұмыс істемейтін тұлғалар (бір жылдан астам);

2 2) жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;

3 3) елу жастан асқан жұмыссыз тұлғалар;

4 4) маусымдық жұмыстарға қатысқан тұлғалар;

5 5) ешбір жұмысшысы жоқ отбасылардан тұлғалар;

6 6) наркологиялық орталықта емдеу курстарынан өткен тұлғалар.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімінің орынбасары С.Ө. Мұқановқа жүктелсін.

4 4. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы