Об установлении дополнительного перечня лиц, относящихся к целевым группам населения на 2015 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении дополнительного перечня лиц, относящихся к целевым группам населения на 2015 год
- Атауы (қаз.)
- 2015 жылға халықтың нысаналы топтарына жататын адамдардың қосымша тізбесі белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 133
- Қабылданған күні
- 25.06.2015
- Көрсетілген редакция
- 25.06.2015 92371_18038.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.06.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15MF002777
- ЭКБ идентификаторы
- 92371
- Редакция идентификаторы
- 92371_18038
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 14:24
0 2015 жылға халықтың нысаналы
топтарына жататын адамдардың
қосымша тізбесі белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағының 14) тармақшасы және 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5 бабы 2 тармағына және 7 бабының 2) тармақшасына сәйкес, Түпқараған ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1 1. 2015 жылға халықтың нысаналы топтарына жататын адамдардың қосымша тізбесі белгіленсін:
1 1) 21 жастан 29 жасқа дейінгі жастар;
2 2) 50 жастан асқан әйелдер;
3 3) 55 жастан асқан ерлер;
4 4) ұзақ уақыт бойы (бір жылдан астам) жұмыс жасамаған адамдар.
2
2. «Түпқараған аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (М. Дощанов) осы қаулының Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін, оның «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде орналастырылуын және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары
Т.А. Алтынғалиевқа жүктелсiн.