Об установлении дополнительного перечня лиц, относящихся к целевым группам населения на 2015 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении дополнительного перечня лиц, относящихся к целевым группам населения на 2015 год
- Атауы (қаз.)
- 2015 жылға халықтың нысаналы топтарына жататын адамдардың қосымша тізбесі белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 133
- Қабылданған күні
- 25.06.2015
- Көрсетілген редакция
- 25.06.2015 92371_18038.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.06.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15MF002777
- ЭКБ идентификаторы
- 92371
- Редакция идентификаторы
- 92371_18038
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 14:24
0 2015 жылға халықтың нысаналы
топтарына жататын адамдардың
қосымша тізбесі белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағының 14) тармақшасы және 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5 бабы 2 тармағына және 7 бабының 2) тармақшасына сәйкес, Түпқараған ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. 2015 жылға халықтың нысаналы топтарына жататын адамдардың қосымша тізбесі белгіленсін:
1) 21 жастан 29 жасқа дейінгі жастар;
2) 50 жастан асқан әйелдер;
3) 55 жастан асқан ерлер;
4) ұзақ уақыт бойы (бір жылдан астам) жұмыс жасамаған адамдар.
2. «Түпқараған аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (М. Дощанов) осы қаулының Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін, оның «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде орналастырылуын және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары
Т.А. Алтынғалиевқа жүктелсiн.