Об определении оптимальных сроков сева по каждому виду субсидируемых приоритетных сельскохозяйственных культур по Акжарскому району на 2015 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении оптимальных сроков сева по каждому виду субсидируемых приоритетных сельскохозяйственных культур по Акжарскому району на 2015 год
- Атауы (қаз.)
- Ақжар ауданында 2015 жылға субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрi бойынша оңтайлы себу мерзімін анықтау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 146
- Қабылданған күні
- 24.06.2015
- Көрсетілген редакция
- 24.06.2015 92544_18363.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.06.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15SD003317
- ЭКБ идентификаторы
- 92544
- Редакция идентификаторы
- 92544_18363
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 14:25
0 Ақжар ауданында 2015 жылға субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрi бойынша оңтайлы себу мерзімін анықтау туралы
«Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы Министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 ақпандағы №4-3/177 Бұйрығымен бекітілген басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi-егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауылшаруашылық дақылдарынқорғалғантопырақтаөңдеп өсірушығындарын субсидиялау Ережесінің 10-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Ақжар ауданында 2015 жылға субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрi бойынша оңтайлы себу мерзімі қосымшаға сәйкес анықталсын.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі және 2015 жылдың 5 мамырынан туындаған құқықтық қатынастарға таралады.
4 Солтүстік Қазақстан облысы
Ақжар ауданы әкімдігінің
2015 жылғы «24 » маусым
№ 146 қаулысына
қосымша
Ақжар ауданында 2015 жылға субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрi бойынша оңтайлы себу мерзімін анықтау туралы
№ п/п
Дақылдар атауы
Егудің оңтайлы
мерзімдері
1
Жаздық жұмсақ бидай егісі(орташа кеш, орташа пісіп-жетілу, орташа ерте сурыпты, қатты бидай)
14 мамырдан 08 маусымға дейін
2
Арпа, сұлы
25 мамырдан 12 маусымға дейін
3
Қарақұмық
20 мамырдан 03 маусымға дейін
4
Тары
25 мамырдан 03 маусымға дейін
5
Нұт (қойбұршақ)
12 мамырдан 18 мамырға дейін
6
Бұршақ
20 мамырдан 03 маусымға дейін
7
Қытайбұршақ
22 мамырдан 30 мамырға дейін
8
Жасымық
22 мамырдан 03 маусымға дейін
9
Рапс (бұрынғы болғандар - бу, бір жылдық шөптер, дақылдық)
12 мамырдан 01 маусымға дейін
10
Зығыр,қыша
15 мамырдан 03 маусымға дейін
11
Майлы дәндерге күнбағыс
15 мамырдан 30 мамырға дейін
12
Арыш
20 мамырдан 01 маусымға дейін
13
Картоп
15 мамырдант 5 маусымға дейін
14
Астық технология бойынша сүрлеген шөпке жүгері
27 мамырдан 05 маусымға дейін
15
Сәбіз (тұқым)
10 мамырдан 20 мамырға дейін
16
Пияз (тұқым)
10 мамырдан 20 мамырға дейін
17
Қызылша
25 мамырдан 05 маусымға дейін
18
Қияр
16 мамырдан 05 маусымға дейін
19
Орамжапырақ көшеті
25 мамырдан 15 маусымға дейін
20
Қызанақтар көшеті
28 мамырдан 12 маусымға дейін
21
Сүрлем шөпке күнбағыс
27 мамырдан 05 маусымға дейін
22
Жасыл жемдік бір жылдық шөп (сұлы + бұршақ, бұршақ +сұлы + арпа),
пішен (суданд шөбі, тары, сұлы , могар, сұлы + сиыржоңышқа ) және
пішендеме (сұлы + арпа +бұршақ, сұлы + бұршақ, тары + бұршақ)
05 маусымнан 15 маусымға дейін
Жасыл конвейер
(бір жылдық шөптер)
23
I мерзім (бұршақ+ сұлы)
08 мамырдан 10 мамырға дейін
24
II мерзім (сұлы+арпа + бұршақ + бидай, судан шөбі + бұршақ, тары + бұршақ)
23 мамырдан 25 мамырға дейін
25
III мерзім (бұршақ + сұлы + арпа, судан шөбі + бұршақ, сұлы + бұршақ)
08 маусымнан 10 маусымға дейін
26
IV мерзім (рапс, сұлы)
08 шілдеден 10 шілдеге дейін
Көпжылдық шөптер
27
I мерзім
Жоңышқа
Түйежоңышқа
Эспарцет
Козлятник
Кострец
Еркекшөп
05 мамырдан 15 мамырға дейін
28
II мерзім
Жоңышқа
Түйежоңышқа
Эспарцет
Козлятник
Кострец
Еркекшөп
05 шілдеден 20 шілдеге дейін