О предоставлении права льготного проезда на городском общественном транспорте (кроме такси) в городе Аксу на 2015 год
Қолданыста
Өзге акт
·№ 357/47
·
14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О предоставлении права льготного проезда на городском общественном транспорте (кроме такси) в городе Аксу на 2015 год
- Атауы (қаз.)
- Ақсу қаласында 2015 жылы қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүру құқығын беру туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 357/47
- Қабылданған күні
- 22.07.2015
- Көрсетілген редакция
- 22.07.2015 92677_292021.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.07.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15PB004653
- ЭКБ идентификаторы
- 92677
- Редакция идентификаторы
- 92677_292021
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 14:00
0 Ақсу қаласында 2015 жылы
қалалық қоғамдық көлікте
(таксиден басқа) жеңілдікпен
жол жүру құқығын беру туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының 8-бабының 4-тармағына және 47-бабының 4-тармағы 1) тармақ-шасына сәйкес Ақсу қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1 1. Ақсу қаласының әлеуметтік көмекке мұқтаж, білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысаны бойынша білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің мынадай санаттарына:
1 1) жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;
2 2) даму мүмкіндіктері шектеулі балаларға, мүгедектерге және бала кезінен мүгедектерге, мүгедек балаларға;
3 3) көп балалы отбасылардың балаларына;
4 4) кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейімдеу және оңалту орталықтарындағы балаларға;
5 5) жалпы және санаторийлік үлгідегі мектеп-интернаттарында, мектеп жанындағы интернаттарда тұратын балаларға;
6 6) дарынды балаларға арналған мамандандырылған интернаттық білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларға;
7 7) интернаттық ұйымдардың тәрбиеленушілеріне;
8 8) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балаларға;
9
9) денсаулық жағдайына байланысты бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру бағдарламалары бойынша ұзақ уақыт бойы үйде немесе стационарлық көмек, сондай-ақ қалпына келтіру емін және медициналық оңалту көрсететін ұйымдарда оқитын балаларға олардың білім алуы кезеңінде қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүру құқығы берілсін.