Об определении сроков предоставления заявки на получение субсидий и оптимальных сроков сева приоритетных сельскохозяйственных культур на 2015 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении сроков предоставления заявки на получение субсидий и оптимальных сроков сева приоритетных сельскохозяйственных культур на 2015 год
- Атауы (қаз.)
- 2015 жылға субсидиялар алуға арналған өтінімді ұсыну мерзімдерін және басым ауыл шаруашылығы дақылдарының оңтайлы себу мерзімдерін айқындау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 195
- Қабылданған күні
- 07.07.2015
- Көрсетілген редакция
- 07.07.2015 92892_20692.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.07.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15NG005806
- ЭКБ идентификаторы
- 92892
- Редакция идентификаторы
- 92892_20692
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 14:12
0 2015 жылға арналған субсидия алушылар тізіміне енгізуге өтінімдерді ұсынудың мерзімдерін және ауыл шаруашылық дақылдарын себудің оңтайлы мерзімдерін белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрінің міндетін атқарушысының басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауылшаруашылық дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарын субсидиялау қағидасы 10 тармағымен бекітілген бұйрығы және 2015 жылғы 26 мамырдағы №1-137 Қостанай ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының ұсыныстары негізінде, Әулиекөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Субсидия алушылардың тізіміне қосуға өтінім ұсыну мерзімі осы қаулы қолданысқа енгізілген сәтінен бастап және 2015 жылғы 15 шілдеге дейін белгіленсін.
2 2. 2015 жылға арналған субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының түрлері бойынша себудің оңтайлы мерзімдері осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
3 3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 2015 жылғы 1 мамырдан болған қаулығада қатысты.
4 Әкімдіктің
2015 жылғы 7 шілдедегі
№ 195 қаулысына қосымша
2015 жылға арналған субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының түрлері бойынша себудің оңтайлы мерзімдері
№ р/т
Ауыл шаруашылығы дақылдарының атауы
Егу мерзімдері
1
жаздық бидай
15 мамырдан 12 маусымға шекті
2
жаздық қатты бидай
18 мамырдан 5 маусымға шекті
3
сұлы
15 мамырдан 15 маусымғашекті
4
арпа
15 мамырдан 5 маусымға шекті
5
тары
20 мамырдан 15 маусымға шекті
6
құнбағыс
10 мамырдан 5 маусымға шекті
7
рапс
20 мамырдан 8 маусымға шекті
8
зығыр
12 мамырдан 5 маусымға шекті
9
мақсары
10 мамырдан 2 маусымға шекті
10
қыша
22 мамырдан 8 маусымға шекті
11
Бақша дақылары
25 сәуіден 10 маусымға шекті
12
Жемшөпті дақылдар оның ішінде бірінші,
екінші және үшінші өсу жылдардағы бұршақ
тұқымдас көпжылдық шөптер
Бірінші мерзім 1 мамырдан 10 маусымға шекті
Екінші мерзім 5 шілдеден 3 тамызға шекті
13
Сүрлемдік жүгері мен құнбағыс
15 мамырдан 5 маусымға шекті
14
көкөністер
25 сәуірден 15 маусымға шекті
15
картоп
5 мамырдан 10 маусымға шекті
16
Шабындық және (немесе) жайлымдық
алқаптары шөп егіп жаңарту және
(немесе түпкілікті жақсарту) үшін бірінші, екінші
және үшінші жылдары өсіп жатқан көп жылдық шөптер
Бірінші мерзімі 1 мамырдан 10 маусымға шекті
Екінші мерзімі 5 шілдеден 3 тамызға шекті